24.07.2019 | Елбасының Қоры қазақ тілін үйрену бойынша әлеуметтік жобаға қолдау көрсетті

Бүгін тағы бір қоғамдық маңызы бар жоба- әлеуметтік идеялар мен жобалар конкурсының жеңімпазы «Zamannyn` ziatker jastary — vision of the future» жобасының тұсаукесері өтті. Жазушы және тәжірибеші лингвист Қанат Тасибеков «Мәміле» қазақ тілін үйрету бойынша пікірталас клубын дамытуға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорының грантын алды. Салтанатты іс-шара ҚР Ұлттық кітапханасында өтті.

Қанат Тасибеков «Ситуациялық қазақ тілі» атты үш томдық ауызекі қазақ тілін оқытуға арналған әдістемелік жазып Қазақстанда кеңінен танылды. Кітаптарда  ашық және есте сақталатын формада қазақ халқы туралы әлеуметтік мәдени мәліметтер – тілмен үздіксіз байланысты тарихи деректер, фольклорлық  ұғымдар, ұлттық менталитеттің ерекшеліктері берілген. Мысалы, бірінші томда өмірде кездесетін ситуациялар үшін: үйлену тойлары, жерлеу, ұлттық мерекелер және т.б. заманауи қазақ тілінде қолданылатын тілдік іс-әрекеттердің мысалдары келтірілген.

«Ситуациялық қазақ тілі» кітабы «Мәміле» пікірталас клубының қатысушылары арасында белсенді қолданылады. Әдістемелікте баяндалған ауызекі қазақ тіліне оқытудың әдістемесін, Қанат Тасибеков клубтың жұмысына да кіргізген. Оқыту форматы орысша сөйлейтіндер мен қазақ тілінде сөйлейтіндер арасында диалог құруға негізделген. Пікірталас клубының кездесулерінде оқушылар ұлттық мәдениет пен тарихты зерттейді. Ұлттық дәстүрлердің, жөн-жоралғылардың, фольклорлық туындылардың нағыз мәнін түсіну арқылы тілдің өзін де түсінуге болатыны баршаға мәлім.

Қанат Тасибековтың ерекше әдістемесінің және «Мәміле» клубының жұмысының  маңыздылығын ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2019ж. 29 сәуірде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясында былай деп атап өткен: «Ситуациялық қазақ тілі- «Мәміле» жобасын атап өтуді маңызды деп санаймын- ол ситуациялық қазақ тілін жылжытуға бағытталған, бұл біздің барлық азаматтарымыздың тілді жылдам үйренуіне және күнделікті қолдануына және барлық азаматтардың жақындасуына ықпал етеді».

Клубтың жұмысы тек қазақ тілінде жүргізілетінін атап өткеніміз жөн.

— Әр түрлі өмірлік жағдайлар үшін сөйлеу тәртібін пысықтаудан басқа, пікірталас клубының қатысушылары қоғамдық-саяси мәселелерді талқылап, қазақстандық социумның өзекті тақырыптарын көтереді. Осылайша, қазақ тілін үйренушілер тек ауызекі сөйлеу тілін дамытып қана қоймай, бір-бірін түсініп, ымыраға келіп, шешендік шеберлікті жетілдіреді. Тұңғыш Президент Қорының қолдауы «Мәміле» клубының өмірінде үлкен рөл атқарды, — дейді жобаның идеясын шабыттандырушы Қанат Тасибеков.

Естеріңізге сала кетсек, алғашқы пікірталас клубы 2017ж. Алматыда ашылды. Екі жыл ішінде жобаның ауқымы кеңейіп, қазірде «Мәміле» өкілдіктері Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Павлодар және Талдықорған қалаларында жұмыс істейді. Оңтүстік астанада клуб ҚР Ұлттық кітапханасы және AlmaU базасында қызмет етеді. Кездесулер аптасына бір рет өтеді.

 

ҚР Тұңғыш Президенті- Елбасының

 Қоры баспасөз қызметі

PR-менеджер Артур Жұмашев

+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13

a.zhumashev@fpp.kz, www.fpp.kz

Фото: Виталий Ткач

Поделиться: