24.07.2018 | Қазақстандық мектеп оқушылары Ұлыбританияның аэрокосмос мектебіне барады

Ү.ж. 24 шілдесінде Назарбаев орталығында мектеп оқушылары арасында транспорт саласындағы республикалық конкурстың финалдық іріктеу туры ашылды. Конкурстың жеңімпаздары Крэнфилд университетінің (Ұлыбритания) аэрокосмос мектебіне тағылымдамадан өтуге барады.

Конкурсті өткізудің мақсаты – көлік саласына деген қызығушылықты арттыру және білімді тереңдету, сонымен қатар оқушылардың мамандықты саналы түрде таңдауға ынталандыру. Биылғы жылы конкурс екінші рет өткізіліп отыр. Конкурстың қатысушылары 16 мен 18 жас аралығындағы барлық облыстардың жалпы білім беру мектептерінің оқушылары болып табылады. Өңірлік іріктеу турларын облыс әкімдіктері мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері өткізді. Финалдық іріктеу кезеңіне 85 адам келді. Әр команда 4 оқушыдан және 1 команда жетекшісінен тұрады. Финалдық іріктеу турын Астанада ү.ж. 24 мен 26 шілде аралығында Крэндфилд университетінің өкілдері өткізеді.

Финалдық іріктеудің қорытындысы бойынша 40 оқушы (2 жеңімпаз команда, сондай-ақ әрбір облыстан финалға  қатысқан 2 оқушы)  ү.ж. тамыздың 19-ы мен 26-ы аралығында Крэнфилд университетінің (Ұлыбритания) аэрокосмос мектебіне оқу-танымдық сапарға жіберіледі.

Конкурстың ұйымдастырушылары ҚР Әділет министрлігі, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры мен Ұлттық зияткерлік меншік институты,  Назарбаев университеті және Крэнфилл университеті болып табылады. Конкурстың әріптестері Эйр Астана ұлттық тасымалдаушы және «Samruk – Kazyna Trust» корпоративтік қоры.

Крэнфилд университетінің аэрокосмос мектебінің, Эйр Астана және «Samruk – Kazyna Trust» КҚ өкілдерінен тұратын конкурстық комиссия қатысушыларды тұсаукесер сапасы (ауызша және жазбаша); шығармашылық ойы және ұсыныстың (жобаның) тиімділігі, ағылшын тілін қолдануы және ұсынылған тапсырмаларға дұрыс жауап беруі бойынша бағалайды.

Финалдың ашу салтанатында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары Сұлтан Айтжанов, ҚР Әділет вице-министрі Наталья Пан, Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Майкл Джон Гиффорд, Назарбаев университетінің вице-президенті Ерден Құсайын сөз сөйледі.

Сондай-ақ мектеп оқушылары үшін табыс тарихы туралы және авиатранспорт инженері мамандығы туралы Эйр Астана өкілдері Мұхамеджан Мұстафин (екінші пилот) және Руслан Шаяхметов (техникалық қызмет көрсету бойынша аға менеджер) лекциялар оқыды.

Крэнфилд университетінің (Ұлыбритания) аэрокосмос мектебінің өкілдері Ян Холлингворт аэрокосмос динамикасының әлемі туралы, Фрэнк Юкэс – ұшақтарды модельдеу туралы, лейтенант – полковник Эндрю Хоултон – тікұшақ операциялары туралы әңгіме айтып берді.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары Сұлтан Айтжанов: «Аталған конкурс балаларға техникалық мамандықтарды дұрыс таңдауға, ағылшын тілінің деңгейін арттыруға көмектеседі, сондай-ақ әлемнің үздік аэрокосмос мектебіне баруға мүмкіндік береді. Біздің басты міндетіміз – жас өнертапқыштарға қолдау көрсету», – деді.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының баспасөз қызметі

Исабаева Айнұр, тел. 8 7172 708 367

Поделиться: