26.05.2017 | Ақмола облысындағы Түңғыш Президент күндері

№ 1 облыстық арнайы коррекциялық мектеп және Щучинск қаласының балалар үйіне Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры (бұдан әрі – Қор) 350 балаға арналған арнайы жабдық «Монтессори кабинеті» кешенін сатып алуға және ұсақ моторика дағдыларын қалпына келтіруге арналған «Ergo» кешенін сатып алу үшін сертификаттар берді. Мектепке арналған сертификат Қор басшылығының Ақмола облысының әкімі Мәлік Мурзалинмен кездескен кезде табыс етілді.

Екі жақты кездесу ү.ж. 26 мамырында Ақмола облысының әкімдігінде өтті. Президенттің Қоры кездесуге бастамашылық етті, ол өзінің «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының күндері» жобасының аясында тұрақты түрде облыс активімен және Қазақстанның жоғары оқу орындарымен кездесулер ұйымдастырып отырады.

Іс-шаралар барысында дарынды жастарды қолдауға қатысты мәселелер, сондай-ақ өңірдегі әлеуметітк жобаларды іске асыру мәселелері жөнінде кездесулер өткізіледі.

Қордың Атқарушы директоры Қанат Жұмабаев атап көрсеткеніндей: «Тұңғыш Президенттің Қоры адам капиталының бәсекелесу қабілетін арттыруға және қазақстандық жаңа ұрпақтың қалыптасуына бағытталған Президент идеялары мен саясатын жүзеге асырып жатыр.

Қор отандық ғылым және ақпарат технологияларын дамытуға өз үлесін қосқысы келетін  креативті жастарға арналған «Smart Zholy», «Science Slam», «Ғылым фестивалі» жобаларын іске асыруда. Жақын арада «Method PRO» жобасын жүзеге асырмақпыз. Біз өз тарапымыздан дарынды жастардың жобаларын іске асыруға көмек көрсетуге әрқашан дайынбыз».

Сондай-ақ Көкшетау қаласына сапар барысында Жас ғалымдар кеңесі мен Шығармашыл жастар кеңесінің өкілдері және Қордың лауреаттары жетекші жоғары оқу орындарының оқытушылары және студенттерімен Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлкеттік университетінде кездесу өткізді, онда олар Қордың қызметі және жобалары туралы әңгімеледі.

Сонымен қатар Қор делегациясы шеберлік сабақтарын өткізді. Мысалы, белгілі балет әртісі Досжан Табылды Ақан Сері атындағы хореография колледжінің репетициялық залында жас бишілерге практикалық сабақ өткізді.

Тұңғыш Президент Қорының Ақмола облысындағы іс-шаралары облыстық филармониядағы концертпен аяқталды. Қордың лауреаттары – «Астана Опера» опера және балет театрының әртістері – Мейір Байнеш, Гаухар Тасбергенова, Татьяна Вицинская, Болат Есімханов және Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солисі – Ермек Құрманаев өз жетістіктерінің тарихымен бөлісті және көрермендерге керемет қойылым ұсынды.

Қор туралы ақпарат: Қордың қызметі Президенттің идеялары мен саясатын іске асыруға, жастардың шығармашылық және интеллектуалдық потенциалын қолдауға,  қайырымдылық қызметін іске асыруға және сараптау-талдау орталығын дамытуға бағытталған.

2017 жылы Қор 80-нен астам іс-шараны іске асыруды жоспарлап отыр.

Өткен жылы 73 іс-шара іске асырылды, оның 42 жобасы жастарды қолдауға, 31 әлеуметтік жоба болды.

Қордың дарынды жастарды қолдауға бағытталған арнайы бағдарламалары мен гранттары бар.

2008 жылдан бастап 2016 жылға дейін конкурстық негізде Қор:

– ғылыми зерттеулер мен шығармашыл жобаларға 91 грант бөлді;

– ғалымдар мен шығармашыл жастардың жол жүруіне 139 грант бөлді;

– Қордың 180 Лауреаты бар;

399 студент Қордың атаулы стипендияларының иегерлері болды;

23 жас ғалымдар кеңесі үздік деп танылып арнайы сыйларға ие болды;

147 ғылыми жұмыс үздік деп танылып арнайы сыйларға ие болды.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының

Баспасөз қызметі

тел. 8 7172 708 356, 8 702 108 52 22,

a.akhmetova@fpp.kz

Поделиться: