22.01.2018 | Назарбаев қоры трэвел-гранттарға байқау жариялады

Байқауға қатысуға 40 жасқа дейінгі жас ғалымдар және мәдениет пен өнер қайраткерлері шақырылады.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорында  «Сапарларға арналған гранттар» дәстүрлі байқауы басталды. Байқау жеңімпаздарына Қазақстан Республикасында, сондай-ақ шет елдерде жүргізілетін мамандандырылған іс-шараларға қатысуға грант беріледі.

Қатысу үшін гранттар бөлінеді:

жас қазақстандық мәдениет пен өнер қайраткерлеріне, сонымен қатар шығармашылық ұжымдарға фестивальдерге, байқауларға, симпозиумдарға, шеберлік кластарына, биеналға және конференцияларға

жас ғалымдар мен ЖОО студенттеріне ғылыми конференцияларға, симпозиумдарға, семинарлар мен конгресстерге қатысуға бөлінеді

Өтінім беру мерзімі: 22 қаңтар – 30 қараша 2018ж.

Гранттарды бөлу ережелері мен қатысуға өтінім:

Қосымша ақпарат мына телефондар мен e-mail бойынша:

  • +7 727 220 92 24, roza@fpp.kz – Едігеева Роза Мақашқызы – жас ғалымдар үшін.
  • +7 727 220 92 14, stm@fpp.kz – Исмаилов Тимур Мұратұлы – мәдениет пен өнер қайраткерлері үшін.

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 050059, Алматы қ., Иванилов к-сі, 12А.

Поделиться: