22.11.2019 | Алматыда Қазақстандағы алғашқы сандық зертхана таныстырылды

Алматыда бағдарламалау және креативтілік дағдыларын дамытуға арналған сандық зертхана ашылды. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры ASBIS компаниясымен және Қазақстандық маркетинг қауымдастығымен бірлесе отырып бірегей білім беру жобасын іске қосты. Соңғы техникамен жабдықталған сынып «Тұран» университеті жанында жұмыс істейді.

Балаларға, әр түрлі саладағы студенттер мен мамандарға арналған жоба аясында Apple компаниясы әзірлеген «Everyone Can Code»  (Әркім бағдарламалай алады) және «Everyone Can Create»  (Әркім жасай алады) шеберлік-сыныптары өтеді.

Әлемдік деңгейдегі білім беру бағдарламаларының алғашқы қатысушылары тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған № 2 арнайы (түзету) мектеп-интернатының, жетім балаларға арналған «Жанұя»  мамандандырылған кешенінің және Алматы облыстық № 1 балалар үйінің тәрбиеленушілері болды.

— Инклюзивті сипаттағы сандық зертхананың жобасы әлемде алғаш рет Apple компаниясы тәжірибесінде іске асырылды, бұл оның Қазақстан үшін бірегейлігін көрсетеді. Ол балаларға қазіргі әлемде қажет дағдыларды дамытуға көмектеседі, ал Apple (Apple Distinguished Educators) танылған педагогтарының халықаралық қауымдастығы әзірлеген «Everyone Can Create» және «Everyone Can Code» білім беру бағдарламалары балалардың әлеуметтік мәртебесіне қарамастан креативті қабілеттерін дамыту үшін тамаша демеу болады, — деп атап өтті өзінің құттықтау сөзінде, білім беру бағдарламаларының жетекшісі, ТМД елдеріндегі Apple білім беру бағдарламаларының жетекшісі Юлия Андреева.

Сандық зертхананы аша отырып, Қордың Алматыдағы өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров әлеуметтік мекемелерден келген жастардың Apple Digital Lab шеберлік-сыныптарына қатысуы Қазақстандағы инклюзивті қоғамды дамыту жолындағы маңызды қадам болып табылатынын атап өтті.

— Өкінішке орай, балалар үйлері мен мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілерінде гаджеттермен жұмыс істеу мүмкіндігі әрқашан бола бермейді, ал осы білім беру жобасындағы шеберлік-сыныптарының арқасында олар үшін жаңа технологияларға қолжетімділіктер және өз таланттарын дамыту мен ашу мүмкіндіктері ашылады. Бір ғана шеберлік-сыныптарымен балалар шектелмейді. Сандық зертханадағы сабақтар тұрақты негізде өтетін болады. Әркім өз креативтілігін дамытып, тапсырмаларды шешуде стандартты емес тәсілдемені көрсете алады және бағдарламалауда өз білімдерін жетілдіре алады, – деді С. Тоқтаров.

Зертхананың тұсаукесерінен кейін бірден журналистер мен блогерлер үшін роликтер мен графикалық контент жасау, баспасөз-релиздермен жұмыс істеу, фотосуреттерді өңдеу және т. б. бойынша шеберлік-сыныптары өткендігін де айта кеткіміз келеді.

Apple distinguished Educator мәртебесі бар USTAZ professional learning center Академиялық директоры Нұрлан Иманғалиев, журналистер iPad планшетінде LiquidText қосымшасының көмегімен баспасөз хабарламаларымен қалай жұмыс істей алатынын -басты идеяларды бөлу, мағыналарды құрылымдау және өз материалында пайдалану үшін оларға қалай жазбалар жасауды көрсетті.

Өз кезегінде Қазақстандық маркетинг қауымдастығының атқарушы директоры және Digital Soft Skills оқытушысы Анелия Мухамедкарімова Over, Photoshop Mix және Tayasui Sketches School қосымшаларының көмегімен әлеуметтік желілерге арналған жарнамалық постерлер мен сызбалық контенттерді жасау жөніндегі «фишкаларды» блогерлермен бөлісті.

— Зертхана өзінің жабдықталуымен және жұмыс істеу үшін өте жайлылығымен әсер етті. Мұнда өз шығармашылығыңды дамыту үшін тамаша жағдайлар жасалған. Нұрлан мұны қалай жасауға болатын тамаша тәжірибелік тәсілдерді көрсетті, – деп пікір бөлісті блогер Аида Кан.

2020 жылдың қаңтар айында зертхана «Тұран» университетінің профессор-оқытушылар құрамын қолданыстағы пәндер бойынша пилоттық бағдарламаларды әзірлеумен білім беру процесінде сандық технологияларды қолдану бойынша оқытуды бастайды. Ал әзірше, сандық зертхананың тұсаукесері аясында оқытушылар мен студенттер «Everyone Can Create» шеберлік-санаттарынан өтті.

— Apple Digital Lab ашу – бұл студенттер үшін интернет ортаға арнап, Landing page бастап, қызықты бейнелерге дейін жоғары технологиялық дизайнерлік жобаларды жасаудың бірегей мүмкіндігі. Тұтынушылардың жас буыны әртүрлі көрнекі ақпаратты қабылдауға бағдарланған жағдайда – жарқын динамикалық суреттерді жақсы көреді – бұл әсіресе құнды саналады. «Тұранның» маркетолог-студенттері мақсатты аудиториямен оған түсінікті тілде қатынас жасауды үйреніп қана қоймай, сонымен қатар, студенттік кезеңдерден бастап табысты және бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік беретін коммерциялық-маңызды жобалар құра алады, — деп атап өтті,  «Тұран» университетінің  «Маркетингтік логистика» және «Тұтынушылардың тәртібі» пәндерінің аға оқытушысы Елена Полухина.

 

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының

баспасөз қызметі

PR-менеджер Жұмашев Артур

+7 708 960 56 13, a.zhumashev@fpp.kz

www.fpp.kz

 

Поделиться: