22.11.2017 | Алматыда, жас ғалымдардың көрмесі және роботтехника бойынша жарыстар өтеді

2017 жылдың 23 қарашасында  Алматы қаласында “Заманауи Қазақстандағы Инновациялық даму және ғылымның талап етілуі” XI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ашылады. Екі күндік іс-шара “Рухани жаңғыру” бағдарламасын іске асыру шеңберінде өтеді.

Конференция бағдарламасы бойынша шеберлі сабақтар, дөңгелек үстел, әлеуметтанушылар мен әлеуметтік жұмыскерлердің күзгі мектебі, жас ғалымдардың инновациялық IT-жобасының көрмесі  мен  Алматы  қаласының мектептері арасында робот техникасы бойынша жарыстар өткізіледі.

ҚР Президенті Н. А. Назарбаевтың “Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту”   бағдарламалық статьясын талқылауға арналған, “Рухани қайта жаңғыру және ұлттық тарихтың өзекті мәселелерідөңгелек үстелі жұмысына, Қазақстанның  тарих және археология саласындағы жетекші отандық және шетелдік, мұрағат және мұражай ісінің ғалымдары, өңірлік жоғары оқу орындарының философия және психология мамандары шеберлі сабақтары және баяндамалармен қатысады.

Веб-портал “Қазақстан тарихы” (“Қазконтент” АҚ) мысалы бойынша, оның шығарушы редакторы Арман Сүлейменов қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру туралы баяндайды. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті Философия кафедрасының доценті Денис Качеев  қоғамдық сана-сезім жаңғыртудағы  диалектикалық көзқарасты ұсынады.  ҚР Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы жас ғалымдар Кеңесінің мүшесі, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері  Алмас Жунісбаев латын әліпбиіне көшу туралы талқылауды  ұйымдастырады.

Алайда, конференция бағдарламасы іргелі ғылымдарды дамытуға ғана емес, қолданбалы сипаттағы мәселелеріге де арналды. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті Қорының қолдауымен ғылыми-инновациялық жобалар көрмесін өткізеді. Бұл күнделікті өміріді жеңілдетуге бейімделген және адамның іс-әрекетінің көптеген саласын жетілдіруге қабілетті   15 әзірлемелер.

Үлкен ғылымға алғашқы қадамдар жасаған жас ғалымдар да конференцияда өз таланттарына   қолданыс табады. Алматы оқушылары арасында  «Ғылымға алғашқы қадамдар» робот техникасы бойынша чемпионат өткізіледі. Жарты жыл ішінде алты алматылық мектептер Arduino микроконтроллердің негізінде роботтар дайындаумен  айналысты. Чемпионатта роботтар белгілі бір уақытта ойын алаңында көшеттер, ағаштар бар контейнерлерді орнатуы тиіс. Arduino негізінде робот әзірлеу робот құрудың толық циклін үйретеді: құрылымы, электроника, бағдарламалау.

Конференцияның екінші күні, 24 қараша, социологтарға және әлеуметтік қызметкерлерге арналады. Олар үшін ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры “Әлеуметтік қызмет көрсету тәжірибесі ” шеберлі сабақтармен күздік мектеп ұйымдастырады.

Барлық іс-шаралар Алматы қ, М.Ганди к-сі, 10 мекенжайы бойынша өткізіледі.

Конференцияның ашылуы 23 қараша (бейсенбі) сағат 10:00 болады.

Іс-шаралардың бағдарламасымен жан-жақты танысуыларыңызды сұраймыз.

Н. Назарбаев Қорының

 баспасөз қызметі

PR-менеджер Артур Жумашев

+7 727 2700 641, +7 708 960 56 13

a.zhumashev@fpp.kz

Поделиться: