22.07.2019 | Елбасының Қоры қазақ тілін үйренушілерге арналған «Мәміле» пікірталас клубына қолдау көрсетті

24 шілде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында «Ситуациялық қазақ тілі» оқулығының авторы Қанат Тасибеков «Мәміле» атты қазақ тілін үйрену жөніндегі пікірталас клубының тұсауын кеседі. Жобаның жүзеге асырылуына ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры осы жылғы әлеуметтік идеялар мен жобалар конкурсының қорытындысы бойынша грант бөліп қолдау көрсетті.

Тұсаукесерге танымал қоғам және мәдениет қайраткерлері, оның ішінде Жәния Әубәкірова, Нұртас Адамбай, Шыңғыс Мұқан, Бекнұр Кысықов, Арман Әубәкір, «Афроказахи» тобы және т.с.с. қатысады.

Алғашқы пікірталас клубы 2017ж. Алматыда ашылды. Екі жыл ішінде жобаның ауқымы кеңейіп, қазірде «Мәміле» өкілдіктері Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Павлодар және Талдықорған қалаларында жұмыс істейді. Оңтүстік астанада клуб ҚР Ұлттық кітапханасы және AlmaU базасында қызмет етеді.

Пікірталас клубының қатысушылары әр түрлі тақырыптарды қазақ тілінде талқылау үшін аптасына бір рет жиналып тұрады. Мысалы, қазақ халқының салт-дәстүрлері. Өйткені мәдениет пен тарихты оқу арқылы тілдің өзін түсінуге болатыны баршаға мәлім. Сондай-ақ Қанат Тасибековтың арнайы әдістемесі бойынша қазақ тілін үйренушілер қоғамдық-саяси мәселелерді де бейназар қалдырмайды. Осындай тақырыптарды талқылай оттырып, «Мәміле» жобасының қатысушылары қазақша ауызекі тілді дамытып қана қоймай, шешендік шеберліктерін де жетілдіреді.

Пікірталас клубының форматы қазақ және орыс тілінде сөйлейтіндер арасындағы диалогтық алаң түрінде. Еркін жағдайда екі тілдік топтардың өкілдері ауызекі қазақ тілінде пікір таластырады. Ол үшін оларға «Ситуациялық қазақ тілі» кітабы және оның авторы көмектеседі. Мемлекеттік тілді үйрету бағдарламасы орыс тілінде сөйлейтін ересек адамдардың ауызекі тілді меңгеруінде болып табылады. Тіл ұлттық мәдениет пен тарих арқылы меңгеріледі, бұл соңғы ғылыми парадигмалардың тренді. Бірінші кезекте белгілі бір өмірлік жағдайларда қажетті тілдік штамптар меңгеріледі.

Қанат Тасибековтың ерекше әдістемесінің және «Мәміле» клубының жұмысының  маңыздылығын ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2019ж. 29 сәуірде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясында: «Ситуациялық қазақ тілі – «Мәміле» жобасын атап өтуді маңызды деп санаймын – ол ситуациялық қазақ тілін жылжытуға бағытталған, бұл біздің барлық азаматтарымындың тілді жылдам үйренуіне және күнделікті қолдануына және барлық азаматтардың жақындасуына ықпал етеді», – деп атап өткен еді.

Құрметті БАҚ өкілдері!

24 шілде /сәрсенбі/ сағ. 11:00-де сіздерді ҚР Ұлттық кітапханасының көрме залына «Мәміле» пікірталас клубының тұсаукесеріне шақырамыз. Мекен-жайы: Алматы қ., Абай даңғ.,14.

ҚР Тұңғыш Президенті- Елбасының

Қорының баспасөз қызметі

PR-менеджер Артур Жұмашев

+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13

a.zhumashev@fpp.kz, www.fpp.kz

Поделиться: