22.04.2019 | Алматыда «Тірегі сендер елімнің» атты студенттік фестиваль басталады

2019 жылғы 23 сәуірден бастап 28 сәуірге дейін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры және Қор жанындағы ғылым жөніндегі Кеңес Алматы қаласында V республикалық студенттік «Тірегі сендер елімнің» фестивалін өткізеді. Оның мақсаты – еліміздің оқушыларын ғылым кеңістігіне тарту.   

«Тірегі сендер елімнің» немесе «студенттік көктем» деп аталатын фестиваль бағдарламасы келесі іс-шараларды қамтиды:

  • 23 сәуір – Фестивальдың ашылуы және «Жеке құқықтың өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы.
  • 24 сәуір – Республикалық студенттік конференция «Маркетинг пен логистикадағы сандық технология».
  • 25 сәуір – «Жас толқын» олимпиадасына қатысушы студенттік командалардың спорттық жарыстары.
  • 26 сәуір – «Жас толқын» олимпиадасының жалпы білімдік пәндер бойынша қатысушыларды тестілеуден өткізетін зияткерлік туры, университеттік өмір жайындағы бейнероликтер, «Миллионға татитын идея» жобаларын қорғау және олимпиаданың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі.
  • 27-28 сәуір – «SIRIUS CUP III» халықаралық пікірталас турнирі.

«Жас толқын» олимпиадасына қатысу үшін 7 наурыздан 2 сәуірге дейін студенттік командалардың іріктеу кезеңі өткенін естеріңізге асаламыз.  Олимпиаданың ақтық турына 20 командадан жетеуі ғана өтті. Олар республикамыздың Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар қалаларының қатысушылары.

Ұйымдастырушылардың шарттарына сәйкес, олимпиадаға бес адамнан тұратын, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының күндізгі бөлімі студенттерінің командалары қатыса алады. Бір жоғары оқу орнынан екі командадан артық рұқсат етілмейді.

«Жас толқын» олимпиадасының жеңімпаздары үш жүлделі орынды өзара бөліседі. Сонымен қатар қосымша номинациялар қарастырылған. Жастарға арналған «Миллионға татитын идея» ең үздік авторлық инновациялық жобаны ұсынған команда, өз идеяларын жүзеге асыру үшін Тұңғыш Президент Қорының грантына ие болады. Грантты тағайындау туралы шешімді жобаның конкурстың барлық критерийлеріне сәйкестігі негізінде олимпиаданың білікті қазылар алқасы қабылдайды.

ҚР Тұңғыш Президент Қорының баспасөз қызметі

PR-менеджер Артур Жұмашев

+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13

a.zhumashev@fpp.kz, www.fpp.kz

Поделиться: