21.12.2018 | Әлемдегі шахмат бойынша әлем чемпионы шеберлік-сағатын өткізді

Әлемдегі шахмат бойынша бірнеше дүркін әлем чемпионы, дүниежүзінің ең мықты 15 әйелдің қатарына кірген Динара Сәдуақасова Қазақстан аймақтарындағы  қоғамдық жұмысын жалғастыруда.

2018 жылғы 19-20 желтоқсан аралығында Қазақстан мақтанышы Динара Сәдуақасова Шымкент және Қызылорда қалаларында алғаш рет бір мезгілді ойын өткізді. Сеанс Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры, Шымкент қаласының және Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Ойынға мектеп оқушылары мен жас шахматшылар қатысты.

Қазақстан аймақтарында бір мезгілде өткізілетін ойындардың мақсаты – шахмат ойынын әйгілеу.

«Мен үшін жастарға шахмат – ойын ғана емес, өзін-өзі дамытудағы ең күшті құрал екенін жеткізу өте маңызды. Бүгінгі күні шахмат – бизнес-күрес үлгісінің бірі. Шахмат ойнаған адамның дағдылары логиканы дамытады, миды жаттықтырады, есте сақтауды арттырады, тиімділікті жоғарылатады және уақыттың қысымы кезінде назарын шоғырландыруға ықпал етеді. Шахмат стратегиялық ойлауды ғана емес, сонымен қатар адамның жеңіліске деген дұрыс көзқарасы мен мақсат қою рухын қалыптастырады. Ал өздерінің өнерін игілікке қолдана білетін, адал және бәсекелестікке мықты жастар, менің ойымша, Қазақстанның болашағы. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –  Елбасы Қорының қолдауымен биыл мен Атырау, Атырау облысында сеанстар өткіздім. Өткен жылы Ақтау қаласында болдым. Келесі жылы біз географиямызды кеңейтеміз және еліміздің одан да көп аймақтарына жетеміз деген үміттемін. Менің сессияларымның ойыншылары арасында болашақ әлем чемпиондары, гроссмейстерлер мен шеберлер бар деп шынайы сенемін. Біздің балаларымыз интеллектуалды әлеуетке ие, оны ашуға және дамытуға біз өз үлесімізді қосуымыз керек», – деп атап өтті өзінің құттықтау сөзінде Динара Сәдуақасова.

Сеанстың қорытындысы бойынша ең қызықты ойындарға шаxматшы өзінің 2018 жылы желтоқсан айының басында жарыққа шыққан «Шахмат ойнап үйренейік» атты кітабын сыйға тартты. Кітаптың ерекшелігі – Қазақстанда осы кітапқа ұқсас халықаралық шахмат техникасын әлемдік чемпионаттар мен халықаралық турнирлерді пайдалана отырып көрсететін қазақ тілінде оқу құралдары жоқ.

Сапар аясында Динара Сәдуақасова Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевпен кездесті. Кездесу барысында Қызылорда облысының спортын дамыту, жастар үшін шахматтың артықшылықтары және елдегі шахматты насихаттау мәселелері талқыланды. Динара облыс Әкім мен облыс әкімшілігіне шахмат ойының дамытуға қолдау көрсетіп, оның кітаптарың ұсынғаны үшін алғысын білдірді.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың қараша айынан бері Қазақстандағы ең атақты шахматшы ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы Адал ниетті елшісі және Қазақстандағы балаларды мен жастарды дамытуда үлкен әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асырады.

Қазақстанның шахмат xаншайымы 2019 жылдың басында Атырауда Динара Сәдуақасова атындағы шахмат академиясын ашуға және 2018 жылы 22 желтоқсанда Астанадағы өзінің академиясының ресми ашылуын жоспарлады. Онда  аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жетім балалар үшін тегін сабақ беріледі. Ал 2019 жылғы сәуірде Динара Астана қаласында республикалық студенттік турнир өткізбек.

Поделиться: