21.06.2019 | Түркістан облысында жас ғалымдарды ғылыми жобаларын ақшалы ету дағдыларына үйретеді

Түркістан облысының Жоғары Қасқасу ауылында 24-28  маусым аралығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасының Қоры ұйымдастырған жасс қазақстандық ғалымдарға арналған «Science School Kaskasu» ІІІ жазғы пәнаралық мектеп өтеді. Мектепке 30 жасқа дейінгі студенттік ұйымдардың жетекшілері, ЖОО-ғ және ҒЗИ жас ғалымдар кеңестерінің төрағалары, оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер қатысады.

Бес күн бойы жас ғалымдарды ғылыми идеялар мен жобаларды ақшалы ету бойынша қажетті дағдыларға үйретеді. Іс-шараның бағдарламасы қатысушылардың бір апта ішінде ғылыми жоба құрып, оны жүзеге асыру схемасын ұсынып және Тұңғыш Президент Қорының жанындағы Ғылым бойынша кеңестің мүшелерінен тұратын инвесторлардың алдында қорғай алатынындай етіп құрылған.

Бұл уақыт ішінде жас ғалымдар жобаларды басқару дағдыларын меңгеріп (жобалық менеджмент), тиімді таныстыру үшін сөз сөйлеу қорқынышын жеңіп, өз жобасын жылжыту үшін сатушы копирайтинг әліппесін танып, дауларды шешуге және командада жұмыс істеуге үйренулері тиіс. Сондай-ақ қатысушыларға Қазақстандағы жас ғалымдардың ғылыми жобалары мен зерттеулерін коммерцияландыру мүмкіндіктері мен қиындықтары туралы айтылады.

— Бүгінде жас ғалымға ғылыми жобаны әзірлеп қана қою жеткіліксіз. Оны тәжірибелік кеңістікте жүзеге асыру үшін қаржыландыру қажет. Мұндай қолдау көзі инвестор- бизнес саласының өкілі бола алады. Ең бастысы, ғалым өзінің ғылыми ойын түсінікті етіп жеткізуі тиіс, ал бизнесмен- оны түсініп, оның коммерциялық потенциалын байқауы қажет. ғалымдардың еңбектерін қоғам пайдалануы үшін ғылым мен бизнесті қалай байланыстыру қажет екендігін жас ғалымдарға арналған «Science School Kaskasu» жазғы мектебі үйретеді, — дейді Қор жанындағы Ғылым бойынша кеңес төрағасының орынбасары Сухраб Жапаров.

Қатысушылар командалық рух пен қарсыластық күйін сезінуі үшін, оларды командаларға бөледі. Әр командаға жоба әзірлеу процесінде бағыт беретін және қолдау көрсететін тәлімгер бекітіледі.

Мектеп қатысушылары үшін басты және толқынысты сәт соңғы бесінші күн болады. Жас ғалымдар өз жобаларын қорғап, жоба аясында үйренгендерінің бәрін көрсетулері тиіс.

Мектептің серіктесі Оңтүстік-Қазақстан медициналық академиясы болды.

ҚР Тұңғыш Президент Қорының баспасөз қызметі

PR-менеджер Артур Жұмашев

+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13

a.zhumashev@fpp.kz, www.fpp.kz

Поделиться: