21.02.2018 | «Piano Fest Almaty» ІІ Халықаралық байқауында ең жүйрік жас пианиношыларды анықтайды

2018 жылдың 23 және 27 ақпан аралығында П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде «Piano Fest Almaty» ІІ Халықаралық пианиношылар байқауы өтеді. Байқау Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының жан-жақты қолдауымен өтеді.

«Piano Fest Almaty»-ның мақсаты — жас таланттарды анықтау, әр түрлі елдерден келген пианиношылар арасында тәжірибе алмастыру, шығармашылық сайыс барысында байқауға қатысушыларжың ішкі потенциалын ашуға көмек көрсету.

Шығармашылық сайысқа Қазақстан, Қытай, Қырғызстан мен Оңтүстік Кореядан 82 қатысушы қатысады. Қазылар алқасын халықаралық байқаулардың лауреаты, австриялық «Антон Брукнер» Университетінің профессоры Олег Маршев басқарады.

Байқау тыңдаулары үш күн аралығында өтеді. Балалар музыкалық мектептерінің, балалар өнер мектептерінің және мамандандырылған музыкалық мекемелердің оқушылары және музыкалық колледждер мен жоғары музыкалық оқу орындарының студенттері әлемдік классика туындылары мен қазақ композиторларының шығармашылығын көрсетеді.

Құрамына Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры, ҚР Мәдениет қайраткері Валентина Тимофеева, П.И.Чайковский атындағы АМК жоғары санатты оқытушысы, «Мәдениет саласының үздігі» Баян Кенжетаева және Қырғыз ұлттық консерваториясының арнаулы фортепиано кафедрасының төрайымы Гульшан Конушева кіретін қазылар алқасы, байқау қатысушыларын жас санаттары бойынша бағалайды (колледж- арн.мектептің 8-12 сыныптары-консерватория, БММ 1-4 сыныптары, БММ 5-7 сыныптары).

Үздік орындаушыларды үш жүлделі орындармен марапаттайды, ал ең таланттыларға Гран-при жүлдесін береді.

Іс-шара дарынды балалар мен жастарды кәсіптік бейімдеуге бағытталған.

Байқау аясында Жамбыл атындағы филармонияда танымал пианиношы Олег Маршевтың концерті өтеді, онда симфониялық оркестрмен бірге австриялық музыкант Сергей Рахманиновтың ІІ концертын орындайды. Сонымен қатар Маршев байқаудың соңғы күнінде шеберлік сабағын береді.

Екінші «Piano Fest Almaty»-ның салтанатты ашылуы- 23 ақпан (жұма) күні сағат 10:30-да, Манас көшесі,13 (Абай даңғ.төмен екінші құрылыс) мекен-жайында орналасқан П.И. Чайковский атындағы АМК-ң Үлкен залында.

Байқаудың толық бағдарламасы – қосымшада.

***Байқауға аккредитациялау мен қосымша ақпарат алу үшін, Қордың Баспасөз-қызметіне жүгінуіңізді өтінеміз.

 

ҚР Тұңғыш Президенті Қорының баспасөз-қызметі

PR-менеджер Артур Жумашев

+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13

a.zhumashev@fpp.kz, www.fpp.kz

Поделиться: