20.08.2019 | Ақмола облысында алғаш рет «Ұлы дала мәдениетіндегі құстар символикасы» фестивалі өтеді

2019 жылдың 24 тамызы күні сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін Ақмола облысының көркем жері Қорғалжын ауылында алғаш рет «Ұлы дала мәдениетіндегі құстар символикасы» креативті фестивалі өтеді.

Бұл фестиваль – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қорының әлеуметтік идеялар конкурсының жеңімпазы.

Ол ұлттық мәдениетті дәріптеуге, патриоттық сезімін қалыптастыруға, балалар мен жастардың шығармашылық, интеллектуалдық, рухани және физикалық дамуына ықпал етуге бағытталған.

Фестивальге 10-25 жас шамасындағы 1500-ден астам балалар мен жастар қатысады. Оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар да бар.

Іс-шараны ұйымдастырушы – Елбасы Қоры мен «Қорғалжын экологиялық обсерваториясы» ЖБ пайдалы тренингтер, шеберлік сабағы, науқандар, спорттық турнирлер, жарқын гала-концерттер мен әсерлі би бағдарламасы бар ауқымды бағдарлама дайындады.

Фестивальдің маңызды бөлімі «Мектепке жол» науқанын өткізу болады. Елбасы Қорының атынан аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары сөмкелер мен мектепке қажетті құралдар алады.

Барлық ниет білдірушілерді фестивальге қатысуға шақырамыз!

 

Поделиться: