20.06.2019 | Жас театр режиссері Дамир Уразымбетов Қазақстандағы алғашқы Қорқыт ата туралы балетті ұсынады

2019 жылдың 21 маусымы Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Дамир Уразымбетовтың қойылымындағы «Қорқыт саяхаттары» атты ұлттық балет спектаклінің тұсаукесері өтеді. Спектакльді әлемге әйгілі балет Булат Аюханов орындайды. Жоба Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті- Елбасының Қорының гранттар конкурсының жеңімпазы болып табылады.

Қазақ кәсіби балет өнері 201 жылы өзінің 85-жылдық мерейтойын атап өтті. Орындаушылық, педагогикалық және балетмейстерлік шеберліктегі жетістіктер баспасөзде, өнертану зерттеулерінде, сондай-ақ шетелдік әріптестермен және көрермендермен атап өтілді. Қазақстандық балет мектебінің көптеген түлектері бүгінді республикадан тыс жұмыс істеп, ұлттық хореографиялық өнерді барша әлемге танытып жүр.

Өткен кезеңде балетмейстер шамамен жиырма ұлттық балет қойды. Қазақстандағы Жастыр жылы аясында еліміздің музыкалық театрының тарихында алғаш рет белгілі қобызшы Қорқыт ата туралы аңыздардың желісімен спектакль қойылады. Балетті ҚазКСР Халық әртісі Болат Аюхановтың басшылығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театры орындайды. Жарты ғасырдан астам уақыт бойы бұл театр Қазақстанның, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердің балет өнеріне өз үлесін қосып, барлық еліміз бойынша, оның әр түрлі жерлерінде гастрольдеп келе жатыр.

«Қорқыт саяхаттары» ұлттық балетін құрастырушы жас театрлық режиссер және хореограф, балеттік және драмалық спектакльдердің, театрландырылған қойылымдар мен көптеген хореографиялық миниатюралардың авторы Дамир Уразымбетов болды. Ол Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында сабақ береді, ЮНЕСКО Қазақстандық ұлттық клубтар федерациясының жобаларының режиссері болып табылады.

Ұлттық аңыздарға негізделген «Қорқыт саяхаттары» балет спектаклі адамзат тұрмысының әр түрлі қырларын қозғайды. Балеттің басты кейіпкерінің өмір жолы оған төрт жолды ашады, онда ол тұлғаның рухани әлемін бұзатын жағдайларға тап болады. Күдіктер мен түңілуді жеңіп, орта ғасырдан заманауи кезеңге саяхат жасай отырып, Қорқыт алғашқы бақсы-шамандардың бірі, қобыздың арғы атасы бола отырып, кемелділік пен мәңгілік өмірдің шынайы жолын табады.

Спектакль Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін сыйлық болады. Оны жасауға ҚР Тұңғыш Президенті- Елбасының Қорының конкурстары мен жобаларымен жыл сайын қолдау көретін қазақстандық жастардың қатысқандығы қуантады. Қордың мақсаты қазақстандық қоғамның шексіз әлеуетін дамытуда. Тұңғыш Президент Қоры жүйелі түрде жастарға ғылым мен мәдениетте көмек көрсетеді, оларды кәсіби дамыту үшін алаңдар ұйымдастырады. жастарға арналған бастамалар мен жобаларды жүзеге асырады және қолдайды.

Спектакльде Қорқыттың, Ықыластың, «Тұран» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің музыкасы ойнатылады. Халық аңыздарының желісі бойынша жазылған Дамир Уразымбетовтың либреттосын Лермонтов театрының актеры Роман Жуков оқиды. Сюжет идеясы өнертану докторы, профессор Асия Мухамбетоваға тиесілі. Балетте Пушкин медалінің иегері, «Құрмет» орденінің иегері епископ Геннадийдің өлеңі оқылады. Костюмдерді танымал суретші, «Сахнагер» ұлттық театр сыйлығының лауреаты Любовь Возженикова жасаған. Проекцияларға арналған фондық картиналарды Полина Салаватова салған. Афишалар мен бағдарламалардың дизайны Марина Львованыкы. Ресми ақпараттық серіктес Қазақстанның хореографиялық өнері туралы ғылыми-танымал журнал -«Qazaq Ballet».

***

Жобаның тұсаукесері аясында 2019 жылдың 21 маусымы сағат 17:00-де Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының фойесінде БАҚ арналған баспасөз конференциясы өтеді. Аккредитациялау сұрақтары бойынша ҚР Тұңғыш Президент Қорының Баспасөз қызметіне және ҚР МАБТ әкімшілігіне жүгініңіз.

ҚР Тұңғыш Президент Қорының

баспасөз қызметі

PR-менеджер Артур Жұмашев

+7 727 2700 641, +7 708 960 56 13

a.zhumashev@fpp.kz, www.fpp.kz

 

 

ҚР МАБТ әкімшілігі

Бас әкімші Елена Толмачева

+7 707 360 58 00

ballet.kz@mail.ru, http://gattrk.kz/

Поделиться: