20.03.2018 | Алматыда Қазақстан Республикасы студенттерінің арасында X-шы Республикалық музыкалық олимпиада өтеді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясымен ұйымдастырылатын жыл сайынғы олимпиадаға еліміздің барлық өңірлерінен 500-ден астам оқушылар жиналады.

 Білім беру іс-шарасы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы базасында оныншы рет өткізіліп жатыр. 2018 жылғы Олимпиаданың ерекшелігі ҚР-ның Президенті Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласымен белгіленген «қоғам санасын жаңғырту» идеясын оның талаптарына ендіру болып табылады. Бір ай бойы шығармашылық жоғары оқу орындары мен музыкалық университеттері факультеттерінің студенттері оқу барысында алған білімдерін, дағдыларын іс-жүзінде көрсете отырып, жеті бағыттың біреуінде ең үздік атануға бақ сынасып көреді («Аспапта орындаушылық», «Дирижерлау (хор)», «Вокалдық өнер», «Дәстүрлі музыкалық өнер», «Арт-менеджмент», «Музыкалық білім»). Жалпы алғанда,  15 номинация жарияланды.

Студенттік олимпиада болашақ мамандардың кәсіби дағдыларын дамытуға, өзін-өзі жетілдіруге жағдайлар жасауға және аса талантты және дарынды студенттерді қолдауға бағытталған. Жеңімпаздар Білім және ғылым министрлігінің бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдарымен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қорының құнды ақшалай сыйлықтарымен, сондай-ақ Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады. Қазылар алқасының құрамына көрнекті өнер қайраткерлері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы қатарынан оқытушылар, музыканттар кіреді, оның ішінде: Нұрлан Албан, Гүлжан Узембаева, Талғат Күзембаев, Гаухар Мырзабекова және басқалар. Олимпиаданың салтанатты ашылуы 2018 жылы 28 наурызда сағат 09: 30-да ҚҰК-ның Үлкен залында өтеді, ол жерде қатысушыларға Құрманғазы атындағы ҚҰК-ның Ректоры, ҚР-ның Халық әртісі Жания Әубәкірова және Алматыдағы ҚР-ның Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры Өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров құттықтау сөзімен сөз сөйледі. Ашылу рәсіміне жетігендік «Кәусар» ансамблі; «Nami» флейта квартеті; соқпалы аспаптар ансамблі; фортепиано дуэті; «Халық әні» мамандығының студенттері, сондай-ақ Ян Рудковскийдің басшылығымен консерваторияның аралас хоры қатысады.

ҚР-ның Тұңғыш Президенті Қорының баспасөз-қызметі

PR-менеджер Артур Жумашев

+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13

a.zhumashev@fpp.kz, www.fpp.kz

Поделиться: