20.02.2018 | Солтүстік Қазақстан облысындағы ҚР Тұңғыш Президентінің күндері

23 ақпан күні сағат 10.00-де Әкімшілікте ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының Атқарушы директоры Қанат Жұмабаев пен Солтүстік Қазақстан облысының Әкімі Кумар Аксакаловтың арасында екіжақты кездесу өтеді. Кездесуде жастарды қолдау мәселелеріне, сонымен қатар ортақ қоғамдық-маңызды жобаларды жүзеге асыруға қатысты сұрақтар талқыланады.  Кездесу барысында Қордың басшылығы Солтүстік Қазақстан облысының С.Мұқанов атындағы кітапханасына компьютерлік жабдықтар алуға 3 млн теңгені құрайтын сертификат табыстайды.

Сағат 11.30-да ҚР Тұңғыш Президенті қорының басшылығы мен ұжымының М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде (СҚМУ) белсенді студенттермен кездесу өтеді. Кездесу барысында СҚМУ жас ғалымдары Кеңесіне «2017 жылдың Ең үздік Жастар Кеңесіне» арналған диплом табысталады.

Сағат 15.00-16.00-де ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының баспасөз-қызметінің басшысы Ақерке Берлібайдың: «Әлеуметтік медиа: цифрланған әлемдегі SMM және PR-дың үздік тәжірибелері» тақырыбындағы шеберлік сабағы өтеді.

Сағат 15.00-16.00-де ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының «Қазақстанның алтын виолончелі» Сыйлығының Лауреаты – Ермек Құрманаевтың Петропавл өнер колледжінің студенттеріне арналған шеберлік сабағы өтеді.

Сағат 16.00-17.00-де «FinTech Group» компаниясының өкілдері СҚМУ студенттері үшін Қазақстандағы «блокчейн» технологиясының келешегіне арналған семинар өткізеді.

Сағат 18.30-да сіздерді Н.Погодин атындағы Солтүстік Қазақстан драма театрында қазақстандық опера жұлдыздары – Қор Сыйлығының Лауреаттарының қатысуымен өтетін концертке шақырамыз.  Кіру ақысы тегін. 

Қор Сыйлығының Лауреаттары:

Гаухар Тасбергенова (фортепиано);

Бибігүл  Жанұзак (сопрано);

Татьяна Вицинская (меццо-сопрано);

Азамат Желтыргузов (баритон);

Марат Айтімбай (баритон);

Болат Есимханов (бас);

Ермек Құрманаев (виолончель).

ҚР Тұңғыш Президенті Қорының баспасөз-қызметінің байланыстары:

Берлибай Акерке, 8 702 911 89 07, akerke.berlibay@mail.ru

Исабаева Айнур, 8 701 777 6558, ainurissabayeva@gmail.com

Поделиться: