19.07.2018 | «Асыл мұра» фотоконкурсына қатысыңыз және жеңімпаз атаныңыз!

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры «Асыл мұра» фотоконкурсын өткізуде. Фотосуреттер ү.ж. 30 қыркүйегіне дейін қабылданады. Жеңімпаздарға «Асыл мұра» конкурсының  Лауреаты атағы беріледі және 350 000 теңге мөлшерінде сыйлықақы тапсырылады. Конкурс мынандай тақырыптар бойынша өткізіледі:

–  «Сәулет»;

– «Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрлері»;

– «Астананың 20 жылдығы»;

– «Күнделікті өмірдегі оқиғалар»;

– «Тұлғалар».

Конкурстың мақсаты – патриотизмді нығайту, Қазақстанның жаңа көркем бейнелерін, оның тұлғаларын және елорданың  көрікті жерлерін қалыптастыруға ықпал ету.

Конкурсты өткізудің міндеттері: Отанымыздың мәдени мұрасын насихаттау; қазіргі заманғы жаңа буынның өмірлік философиясын көрсететін қазақстандық жас фотографтардың есімін ашу және оларға ықпал ету; жалпы фотоөнерді дамыту болып табылады.

Конкурсқа 18 бен 35 жас аралығындағы қазақстандықтар қатыса алады. Фотожұмыстар конкурстың тақырыбына сәйкес келуі тиіс. Бір қатысушы үштен артық емес фотосурет жіберуіне болады. Әрбір автор екі номинацияға қатысуға құқығы бар.

Конкурстың қорытындысы ү.ж. қазан айының басында анықталады. Жеңімпаздарды марапаттау әрі жеңімпаздар жұмыстарының көрмесі Астана қаласында Назарбаев орталығында өтеді.

Конкурстың фотожұмыстарын бағалау және оның  жеңімпаздарын (Лауреаттарды) анықтау сыйлық құрылтайшысы құратын құрамында саны кемінде 7 мүше болатын, белгілі және беделді фотосуретшілерден, журналистерден, сондай-ақ Конкурс Құрылтайшысының өкілдерінен және серіктестерден тұратын конкурстық  қазылар алқасы  жүзеге асырады.

Қазылар алқасы фотосуреттерді мына шарттар бойынша бағалайды: конкурстың мәлімделген тақырыбына фотожұмыстың сәйкестігі; авторлық ойдың бірегейлігі; фотоматериалдың ақпараттылығы, көрнектілігі және көркемдік сапасы.

Ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасы мүшелерінің шешімі бойынша конкурсты жүргізудің барлық кезеңінде қосымша номинациялар жариялануы, сонымен қатар серіктестер мен демеушілердің арнайы сыйлықтары бекітілуі мүмкін. Бұл туралы ақпарат конкурсқа қатысушыларға қосымша хабарланады.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының баспасөз қызметі

Исабаева Айнұр, тел. 8 7172 708 367

Поделиться: