19.03.2018 | Қарағандыда Н. Назарбаев Қорының қолдауымен «Театр – Шығармашылық – Талант» театр фестивалі өтеді

2018 жылғы 26-28 наурыз аралығында Қарағанды қаласында Думан Аким Шығармашылық орталығы мен №1 Қалалық өнер мектебі «ТШТ» («Театр – Шығармашылық – Талант») халықаралық балалар-жасөспірімдер театр фестивалін өткізеді. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры шығармашылық жобаларды қолдау байқауының шеңберінде грант бөліп, қолдау көрсетті.

«ТШТ» фестиваль – байқауы облыстық С. Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрында өткізіледі. Оның мақсаты – тәжірибе алмасу арқылы балалар-жасөспірімдер шығармашылық театрын қолдау, сондай-ақ мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру.

Байқауға қатысу үшін 6 жастан 25 жасқа дейінгі жалпы білім беретін мектептердің, өнер мектептерінің, қосымша білім беру мекемелерінің оқушылары, өнер колледждері мен университеттерінің студенттері шақырылды. Сонымен бірге, байқауға кәсіби және әуесқой театр ұжымдары қатысады.

Бұл фестиваль-байқау балалар мен жастарға арналған кәсіби театр өнерінің дамуына ықпал ететін ең қызықты новаторлық жобаларды анықтайды және қолдайды. Сонымен қатар, «ТШТ» жобасы моральдық-адамгершілік қағидаттарға тәрбиелейді және балалар мен жасөспірімдерді өмірдің түрлі жағдайларына бейімдейді, бірақ осы бәрі түсінікті және қолжетімді түрде жеткізіледі.

«ТШТ» фестивалі-байқауының қатысушылары өз шығармашылық жұмыстарын екі номинацияда ұсынады:

  • КӨРКЕМ ӨНЕР СӨЗІ – мысал, проза, поэзия, ертегілер, әдеби-музыкалық композиция;
  • СПЕКТАКЛЬ – драмалық, қуыршақ, музыкалық, хореографиялық, фольклорлық және пластикалық спектакль, сондай-ақ кішкене бір актілік пьесалар, күлкілі және сатиралық жанрлардағы театрлық қойылымдар, спектакльдер мен пьесалардан алынған аяқталған тақырыптық үзінділер.

Қатысушылардың өнері Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушыларымен (Астана қаласы), Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының мәдениет қайраткерлерінің қатарынан кәсіби қазылармен бағаланады.

Фестиваль-байқауы шеңберінде барлық қатысушылар үшін театр өнерінің жетекші қайраткерлерінің шеберлік-кластары өткізілетінін атап өткен жөн.

***

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін «Театр – Шығармашылық – Талант» фестиваліне шақырамыз және жобаға ақпараттық қолдау көрсетуді сұраймыз.

Поделиться: