18.05.2018 | Әлемдік экономика және саясат институты Global Challenges Summit 2018 (Astana Economic Forum) бағдарламасының аясында Astana Club бойынша сессия өткізді

2018 жылдың 17 мамырында Астана экономикалық форумының тұғырнамасында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ) Астана қаласында «Астана клубтың»- «Үлкен Еуразия құрыла ма? Геоэкономиканың сындарды сын-тегеуріндеріне жауап іздеу» атты сессиясын өткізді.

Бүгін Global Challenges Summit 2018 (Astana Economic Forum) бағдарламасының аясында ӘЭСИ «Астана клубтың»  экономикалық мегажобалар – «Белдеу және жол» бастамалары мен Еуразия экономикалық одағымен біріктіру үшін Үлкен Еуразияның сын-тегеуріндері мен даму перспективаларына арналған сессиясын  өткізді.

Онда Еуразия геоэкономикасы бойынша Қытай, Ресей, Франция, Ұлыбританиядан келген 60-тан астам жетекші сарапшылар, сондай-ақ қазақстандық ғылыми-зерттеу институттарының, талдау орталықтары мен жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

Пікір-таластың басты спикерлері әлемдік ғылыми-сараптық бірлестіктегі танымал мамандар: Оксфорд византиялық зерттеулер орталығының директоры және «Жібек жолдар. Жаңа дүниежүзі тарихы» бестселлерінің авторы (Ұлыбритания) Питер Франкопан, ЕЭК интеграция және макроэкономика бойынша министрі (Ресей) Татьяна Валовая, Шанхайдың халықаралық зерттеуле университеті жанындағы халықаралық және қоғамдық қатынастар мектебінің профессоры (ҚХР) Ян Чэн,   Reconnecting Asia Project  жобасының (АҚШ) директоры Джонатан Хиллман, Institut Choiseul (Франция) төрағасы Паскаль Лоро сөз сөйледі.

Сарапшылар дағдарыстық сын-тегеуріндерді қатарын тудыратын Ресей, Иранның айналасындағы жаһандық геосаяси қарбаластықтың өсуіне байланысты Үлкен Еуразияның ары қарай дамуына қатысты бірнеше нақты проблемалық аспектілерді талқылады. Сауда және санкциялық соғыстардың күшеюі, мемлекетаралық және аймақтық шиеленісер мен басқа да кедергілер жайлы сөз қозғалды.

Осы панельдік сессияның қатысушылары жауап бермек болған басты сұрақ былайша болды: «Біздің мегаконтиненттің ортақ болашағы бар ма немесе бізді әр түрлі модельдегі шиеленіс күтіп тұр ма?».

ӘЭСИ директоры Ержан Салтыбаевтың пікірінше, бүгінде ірі инфрақұрылымдық жобалар, жаңа халықаралық институттар, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы өзара байланыстың артуы мегаконтиненттің болашағына оптимизммен қарауға мүмкіндік береді. Алайда елдер арасындағы халықаралық қатынастар мен экономикалық ынтымақтастық сұлбасы қалай түзілетіндігін түсіну және суреттеу маңызды.

– Үлкен Еуразия- бұл заманауи әлемнің жаһандық геоэкономикалық және геосаяси шындығының басты элементі. Жыл сайын жаhандық сараптық қоғамдастық пен әлемдік саяси элитаның жетекші трендсеттері қатысатын «Астана Клуб» жұмысының аясында, біз заманауи әлемнің даму мәселелерін және Үлкен Еуразия кеңістігіндегі өзекті мәселелерді талдаймыз. Бүгін, қарашаға жоспарланған төртінші отырысқа дайындық аясында біз бақыланған трендтерге сай аралық талдау жүргізіп жатырмыз десек болады,- деп атап өтті Е.Салтыбаев.

Оның айтуынша, әлемдік экономиканың ары қарай фрагменттелу тәуекелдері әлі же жоғары.

– Бүгінгі таңда біз сауда үшін қосымша кедергі тудыратын Ресей мен Иранның айналасындағы санкциялық текетірестің жаңа толқынының, сауда және валюталық соғыстардың куәсі болып отымыз. Алайда протекционизм мен санкциялар – бұл тығырыққа апаратын жол. Экономикалық жаһандандыру мен әлемдік шаруашылық байланыстарды кеңейтудің объективті сипатта екендігін түсінгеніміз маңызды. Сондықтан екі ірі экономикалық жобалар- «Белдеу және жол» бастамасы мен ЕАЭО-тың рөлдерін қайта бағалау қиын. Олардың негізінде болашақта экономикалардың жақындасуы мен Еуразиядағы сауда байланыстарының өзара тиімді нығаюы болуы қажет,- деді Е.Салтыбаев.

Пікірталас барысында Қытай, Франция, Ресей, Ұлыбритания және АҚШ-тан келген шетелдік сарапшылар ортақ экономикалық кеңістік қалыптастыру перспективалары, Үлкен Еуразиядағы ынтымақтастық пен бәсекелестіктің болашақ векторларына қатысты өз болжамдарын білдірді.

Сонымен қатар өткен талқылау, ресейлік, қытайлық және еуропалық өкілдердің сауда-экономикалық қатынастардың туындаған форматтары мен Еуразия мен жалпы әлемдегі көліктік-инфрақұрылымдық жобалардың дамуының көптеген аспектілеріне байланысты өз көзқарастары бар екендігін көрсетті.

Осылайша, болашақ континенттің геоэкономикалық форматы күрделі даулар туғызады. Алайда, панельдік пікірталастың барлық қатысушылары айтқандай, дәл Қазақстанның, Үлкен Еуразияның қақ ортасында орналаса отырып, барлық матрицаны жинау нүктесі болу потенциалы бар.

ӘЭСИ өкілдерінің мәлімдеуінше, осы мәселелер бойынша пікірталастар осы жылдың қараша айында әлемнің 20-дан астам елдерінен келетін жетекші сарапшылары, саясаткерлері мен дипломаттарының қатысуымен өтетін «Астана Клубтың» төртінші отырысында жалғасын табады.

Поделиться: