17.06.2019 | Масс-медиа және баспасөз қызметтері өкілдеріне арналған шеберлік сабағы

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры жобаларын іске асыруда, оларға жастарды тартуда бұқаралық ақпарат құралдары ерекше рөл атқарады. БАҚ-ң арқасында еліміздің жас дарындары Қордың өткізетін іс-шаралары мен конкурстары туралы біледі.

Масс-медиа өкілдері үшін Қор дәстүрлі түрде бастауыш журналистер үшін де («Жас қалам»), сондай-ақ өз істерінің мамандарына да арналған жобалар ұйымдастырады. Оларға Қор мен Қазақстанның бас редакторлар Клубы бірігіп ұйымдастыратын шеберлік сабағы мен семинарларды өткізу жатады.

Олар БАҚ жұмысын жетілдіруге, ұйымдармен өзара әрекеттестікті жақсартуға бағытталған. Биылғы жылы шеберлік сабағы журналистердің кәсіби мерекесі – Байланыс және ақпарат жұмыскерлері күнінің қарсаңында өткізілді. Оның қатысушылары республикалық телеарналардың, ақпараттық басылымдардың, газеттердің журналистері мен баспасөз қызметтерінің қызметкерлері болды.

Бас спикер болып OZON интернет-компаниясының қоғаммен байланыс және ішкі коммуникациялар жөніндегі директоры (ozon.ru), MACS коммуникация мектебінің «Бедел менеджменті» факультетінің деканы (Мәскеу қ.) Мария Заикина сөз сөйледі.

Мәскеулік медиа-жаттықтырушы коммуникацияның жаңа негізгі трендтері (жаңа форматтарды, трансляция арналарын, технологияларды және т. б. игеру), ұйым брендін құру және т. б. туралы маңызды мәселелерді талқылады.

Дәріскердің сөзі қатысушылардың өмірлік кейстерді, бедел дағдарыстық жағдайларды белсенді талқылауына ауысты. Тренингтерді өткізуге және ситуациялық ойындарды ойнауға ерекше көңіл бөлінді.

Осылайша, БАҚ өкілдері баспасөз қызметтерінің жұмыскерлері рөлінде, ал кейінгілері, керісінше журналистер рөлінде болып көрді.

Жалпы, шеберлік сабағына қатысушылардың пікірінше, мұндай іс-шаралар маңызды және қажет.– Осындай пайдалы тренингтер үшін ұйымдастырушыларға алғысымды білдіргім келеді. Оған екі тарап та, журналистер де, баспасөз хатшылары да қатысуда. Бірге өзекті мәселелерді талқылаймыз. Бұл ақпараттық өзара іс-қимыл мен өзара қарым-қатынасты жақсартуға көмектеседі, – деді «Литер» газетінің корреспонденті Мира Мустафина.

Поделиться: