17.05.2019 | Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры Әсет Исекешевті қабылдады

Кездесу барысында Әсет Исекешев Қордың 2019 жылы атқарған жұмысы, сондай-ақ дарынды жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтік жобалар мен іс-шаралар туралы баяндады.
Сонымен қатар, Қордың атқарушы директоры Елбасыға Қордың білім, мәдениет, халықаралық қызмет саласындағы, сарапшылық-талдамалық жұмысты күшейту және басқа да мәселелерге қатысты жаңа жұмыс бағыттары мен бағдарламаларын таныстырды.
Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі

Поделиться: