2014 жылдың 16 – 17 мамырында Қор Қарағанды қаласындағы оқитын жастар мен оқытушылардың жас ғалымдармен кездесуін өткізді

2014 жылдың 16 – 17 мамырында Қор Қарағанды қаласындағы оқитын  жастар мен оқытушылардың жас ғалымдармен кездесуін өткізді. Іс-шараның мақсаты жастардың шығармашылық бастамаларына қолдау көрсету, жастар арасында ғылымның дамуына ықпал ету, жас әрі талантты оқытушылар мен студенттерге шығармашылық дамуда көмек көрсету, Қордың ғылыми бастамаларға  және  студент жастардың арасындағы  ғылыми конкурстарға қатысуын дәріптеу. Кездесуге Қордың атынан Қордың жас ғалымдарымен жұмыс істеу жөнінен бас маман Едігеева Р.М.,  Қордың жас ғалымдар кеңесінің мүшелері, биология ғылымдары кандидаты, академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік унивеситетінің инновациялық технологиялар  орталығының  бас маманы Аталықова А.С., С.Демирел атындағы университеттің «Менеджмент және  маркетинг» кафедрасының меңгерушісі Темірбекова Ж.А., экономика ғылымдарының кандидаты, ассоцияцияланған профессор Турдыкожаева А.М., ғылыми қызметкер, техника ғылымдарының докторы, Ж.Абишев атындағы химия және металлургия институтының профессоры, теориялық физика кафедрасының PhD докторанты, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ жас ғалымдар Кеңесінің төрағасының орынбасары Жакиев Н.К қатысты.

2014 жылдың 6 мамырында кездесулер Академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік және Қарағанды техникалық  университетінде, 17 мамырда Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде болып өтті. Академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетіндегі кездесуге 500-ден астам студенттер мен Қарағанды қаласының ЖОО оқытушылары қатысты. Өз баяндамаларымен ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, техникалық ғылымдар докторы, профессор Омаров Хылыш Бейсенұлы, Қордың жас ғалымдар Кеңесінің мүшесі Темірбекова Жанар Амангелдіқызы, 2013 жылғы Қордың степендиаты Қасымова Сәуле, Қарағанда мемлекеттік медицина университетінің 5 курс студенті,Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ-ның қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, доцент, Қордың ең үздік  ғылым мен техника саласындағы Сыйлығының Лауреаты  Жарылгапов Жансая Жанғазыұлы сөз тізгінін алды.

Қатысушыларға Қордың және жас ғалымдар Кеңесінің жұмысы, Қордың конкурстары мен іс шаралары, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасы Қорының грант талап ету конкурсына қажетті құжаттар пакеті мен өтініш беру туралы мәліметтер таныстырылды. Қордың шығарған кітаптарын ЖОО кітапханаларына тапсыру салтанатты рәсімі болып өтті. ЖОО оқытушылары және  студенттерімен ашық диалог өткізілді.

Іс- шара ЖОО жас ғалымдарының ғылыми жетістіктері мен ғылыми басылымдарының көрмесімен жалғасын тапты. Жас ғалымдар өздерінің ғылыми жобаларын таныстырды, оның ішінде  Қордың грант иегері Афанасьев Дмитрий өзінің  ғылыми жобасын ұсынды және докторант бола тұра ғылыми зерттеу жүргізу барысында  үлкен тәжірибе жинауға  бірегей мүмкіндік беріп,қолдау көрсеткен  Қорға алғысын айтып өтті. 2010 жылғы Қордың Сыйлығының Лауреаты, педагогика және бастауыштық білім беру методикасы  кафедрасының меңгерушісі, педагогикалық ғылымдарының кандидаты, 2013 жылғы ҚР БҒМ «ЖОО Ең үздік оқытушысы» грантының иегері Сарсекеева Жанар Есентайқызы жаңа ғылыми басылымдарды таныстырып, ғылыми жұмысының ары қарай дамуына тікелей ықпал еткен Қорға алғысын білдірді.Ары қарай қонақтар университет тарихынан сыр шерткен мұражаймен және көптеген экпонаттары оқытушылар және студенттер тапқан  Сарыарқа этнографиялық институтының археология және этнография мұражайымен , молекулалық нанофатоника ҒЫЗ(физика және техникалық факультет) және  биотехгология мен экомониторинг зерттеу паркімен танысты. Сондай-ақ 2014 жылдың  16 мамырында Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетінде ЖОО-ның  жас ғалымдар Кеңесі қатысқан кездесу болып өтті. Қатысушыларға Қордың жұмысы мен Қордың конкурстары мен іс-шаралары туралы мәліметтер таныстырылды. Ашық диалогтың нәтижесінде Қордың  жас ғалымдарға және студенттерге  арналған конкурстарқа қатысты сұрақтар қойылып, гранттар, мақалалар мен монографиялары жарыққа шығару, көрмелер мен конференцияларға қатысуға байланысты мәселелер талқыланды.

2014 жылдың 17 мамырында Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінде, ЖОО-ның жас ғалымдар кеңесі , оқытушылар мен студенттер, университет ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Досмагамбетова Раушан Сұлтанқызы , медицина   ғылымдарының кандидаты , ғылыми жұмыс жөнінен  проректор Тұрмұханбетова Анар Ақылбекқызы қатысты. Кездесуге қатысушыларға  Қордың жұмысы және Жас ғалымдар Кеңесі таныстырылды, Қордың конкурстары мен іс-шаралары туралы мәліметтер берілді. Кездесу нәтижесі бойынша  жас ғалымдар Кеңесін құруға әдістемелік көмек көрсету  мәселесі, Кеңестің  конкурстары мен гранттарға ие болуға қажетті құжаттар туралы сұрақтар қойылды. Қордың шығарған кітаптарын университет кітапханасына тапсыру салтанатты рәсімі болды.

Барлық кездесулердің нәтижесі бойынша Қордың жұмысына деген қызығушылықтар, Қордың аталмыш ЖОО-ның студенттері мен жас ғалымдардың ғылыми-техникалық  жұмысына қолдау көрсету мақсатында өткізілетін  барлық іс шараларға қатысуға тілек білдірулері, қазақстандық ғылымның маңыздылығының артуы, студенттерді кәсіби бәсекеге қабілетті маман ретінде даярлау мәселелері ортаға шықты.

Іс шараға  600ден астам қатысушылар ат салысты.

Поделиться: