16.09.2019 | Елбасының Қоры мүгедектігі бар балалар мен олардың ата-аналарына Ник Вуйчичпен кездесу ұйымдастырды

«Аман келешек» балалар мен жасөспірімдерге арналған VI инклюзивті фестиваль қарсаңында Елбасының Қоры қатысушыларға аты аңызға айналған және харизматикалық спикер Ник Вуйчичпен кездесу сыйлады. Игі іске «Синергия» Бизнес Мектебі қолдау көрсетті.

Ник Вуйчич — белгілі мотивациялық оратор, жазушы, меценат және уағыздаушы. Онымен кездесу-қиын өмірлік жағдайларға тап болған және қиындықтарға шалдыққан көптеген адамның арманы.

Мүгедектігі бар адамдар үшін Ник – оптимизм мен сенімнің жарқын бейнесі, өйткені бұл өмірге құштар адам қолсыз және аяқтарсыз дүниеге келгеніне қарамастан, дүниежүзілік мойындауға қол жеткізді. Тетраамелия синдромы-барлық төрт аяқ-қолдың болмауына әкелетін тұқым қуалайтын сирек ауру. Қорқынышты диагноз өзін өлтіруге себеп болады. Алайда ата-анасы туралы ой он жасар Никті өз-өзіне қол жұмсау қадамынан уақытында тоқтатты.

Бүгінде Ник әлем бойынша кіршіксіз махаббат идеясын насихаттайды. Оның шеберлік сабағына мыңдаған тыңдармандар жиналады. Ал оның «Шектеусіз өмір» кітабы – нағыз бесстселлер. Жазуды жалғастыра отырып, ол оқырмандарды бақытта өмір сүруге шабыттандырады. Ник Вуйчич фильмдерге түседі, блог жүргізеді, вебинарлар өткізеді. Ол үйленген және екі ұл мен екі қыз тәрбиелеп отыр. Сонымен қатар бұл ғажап адам спортпен шұғылданады, керемет өлең айтады және тамаша әзілкеш.

Қордың атынан шеберлік класына билеттерді мүгедектігі бар жастар мен олардың ата-аналары, әлеуметтік педагогтар, әлеуметтік жұмыс бойынша мамандар да алды.

— Бүгін біз мүгедектігі бар адамдарды ғана емес, түгел қоғамды әрекет етуге шақыратын аты аңызға айналғн мотиватор Ник Вуйчичтың шеберлік сабағына бардық. Көп адам оның сөздерінен жылады, себебі айтқандары барлығына қатысты. Ол өзі туралы, өмірі туралы, қиын кедергілерді қалай жеңгені туралы айтып берді. Өзіңнің жалғыз еместігіңді есту сондай маңызды, – деп алған әсерімен бөлісті мүгедектігі бар бойжеткен  Сабина Қасымова.

Оның сөздері шабыттандырады және рухтандырады дегеніміз аздық етеді. Никтың энергетикасы мен күш жігері адамды өзгерте алады, санасының шегін кеңейтеді және ішкі психологиялық кедергілерді жеңуге көмектеседі.

Ник Вуйчичтың шеберлік сабағына қатысу зор энергия берді және біздің өміріміз шектеусіз екендігіне сенімді нығайтты! Біз және жақындарымыз ғана айналамыздағылардың біз туралы ойын өзгерте алады, мүгедектігі бар адамдарға  қатысты стереотиптер мен стигмаларды алып тастай алады,– деп қосты мүгедектігі бар жас жігіт Азамат Тәжімұрат.

ҚР Тұңғыш Президенті- Елбасының

қоры баспасөз қызметі

PR-менеджер Артур Жұмашев

+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13

a.zhumashev@fpp.kz, www.fpp.kz

Поделиться: