16.07.2019 | Елбасының Қоры кәсіпкерлік бастамаларды қолдады

Елбасы Н.Ә. Назарбаев әрдайым шағын және орта бизнеске тұрақты қолдау көрсетудің маңыздылығын айтады. Тұңғыш Президенттің бастамасы бойынша елімізді кәсіпкерлікті дамыту бойынша қаржылық және қаржылық емес шаралар жүзеге асырылады.

Бұл туралы өз кәсібін ашуды ойлаған Нұр-Сұлтан қ. тұрғындары – көпбалалы аналар, қиын өмірлік жағдайға тап болған әйелдер білді. Олардың барлығы «Жәрдем» бағдарламасының аясында тігу шеберлігінің негіздерін оқытуға қатысты.

«Ютария» тігін фабрикасында жүргізілген курстарды «Nur Otan» партиясы жанындағы бала құқығын қорғау бойынша Республикалық кеңес және Қазақстанның іскер әйелдер Қауымдастығы  ұйымдастырды. Оқытуға ҚР Тұңғыш Президент Қоры қолдау көрсетті.

Бүгін бір ай бойы тегін оқудан өткен 20 әйелге сертификат табыстау рәсімі өткізілді. Өзінің құттықтау сөзінде атқарушы директордың орынбасары Сұлтан Айтжанов: «Елбасы Қоры оқытуға қатысушы әйелдер үшін тігін жабдықтарын сатып алуға көмек көрсете отырып, «Жәрдем» бағдарламасына белсенді қолдау көрсетті. Осындай сыйлықтар, сондай-ақ тігін ісі бойынша шеберлік сағаттары, «Атамекен» Кәсіпкерлер Палатасы өкілдерінің кеңес беру көмегі өз ісін дамыту үшін жақсы демеу болады. Сіздерге бизнесте сәттілік тілеймін!», – деді.

Курс қатысушылары Сұлтан Айтжановтың және «Nur Otan» партиясының хатшысы Әлібек Әлденейдің қолынан тігін жабдығы мен сертификаттар алды. Ал өз жұмысын жоғары деңгейде көрсете білген  әйелдерге «Ютария» фабрикасына еңбекке орналасу туралы ұсыныстар жасалды.

– Мен төрт баланың анасымын. Бұрыннан киім тігіп үйренгім келген. Сондықтан арнайы курстан өту, бизнес ашу мәселелері бойынша ақпарат алудың осындай мүмкіндігі пайда болғанына өте қуаныштымын. Әрі қарай оқуды жоспарлап отырмын. Маған күзде «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының семинарларына қатысу ұсыны түсті», – деді көпбалалы ана Индира Миықбаева.

Фабрикада әйелдерді оқыту одан әрі де жалғасады. Кезекті  оқу курстар басталып кетті.

Поделиться: