15.09.2018 | Алматы облысында «Аман келешек» фестивалі орасан зор табыспен аяқталды

15 қыркүйек /сенбі/  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің отаны – Алматы облысының Қарасай ауданында «Аман келешек»  «Здоровое будущее» атты балалардың  орасан зор V мәдени-спорттық фестивалі өтті. 

Биылғы жылы мереке «Шексіз балалық» тақырыбына арналды.  ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры ұйымдастырған фестиваль барысында, қонақтар мен оқушыларды еліктіретін интерактивті бағдарлама – шеберлік-cабақтары мен ойындар күтіп тұрды.

Дәстүр бойынша «Аман келешек» фестивалі  Шеберлер парадынан басталды: мінбедегі көрермендерге отшашуы, «Аман келешек» әнұраны, флешмобы бар орасан зор шоу көрсетілді.

«Аман келешек» фестивалі осымен мен мерейтойлық бесінші рет өткізіліп отыр, және осыған ұқсас фестивальдер Қазақстанда жоқ. Ұйымдастырушылар, яғни Тұңғыш Президент Қоры, осындай шеберлік-сабағының арқасында мектеп оқушылары кәсіп таңдаудан жаңылыспайды деп үміттенеді:

– «Аман келешек» фестивалі – бұл дені сау адамның көпқырлы және оңтайлы имиджін іске асыра отырып, қазақстандықтардың сау болашағын қалыптастыруға ерекше үлес қосатын, жыл сайын өткізілетін мереке. Спорт, мәдениет, ІТ-технологиялар өнерінің призмасы арқылы балалардың белгілі спортшылармен, мәдениет және өнер қайраткерлерімен интерактивті қарым-қатынасы өтеді. Балалар белгілі бір биіктерді бағындыру-бұл шынайы екендігін көріп, көз жеткізуге  мүмкіндік аладыдейді Қордың Алматыдағы өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров.

Қазақстанның 15 аймағындағы үздік инклюзивті мектептерінің оқушылары өздерінің кумирлерімен – актерлармен, спортшылармен, бишілермен және саясат қайраткерлерімен кездесті. Бірақ олар тек қарым-қатынаспен шектелген жоқ. «Аман келешек» фестивалінің тақырыптық алаңдарында  балалар тікелей қатысты.

Іс-шара форматы 10 тақырыптық алаңды қажет етеді. Түзетуші мектеп-интернаттардың, балалар үйлерінің және орта білім беретін мектептердің оқушылары бір күн бойы өздеріне шексіз мүмкіндіктер әлемін ашты. Балалар спорттың паралимпиадалық түрлері-голбол, бочч, арбадағы баскетболдан күштерін сынады, он минут ішінде сорпа дайындауды үйренді, ым-ишара тілінде сөйлесіп көрді, Брайль қарпімен жазды, актерлік шеберлікті үйренді және тіпті өздерінің акробатикадағы күштерін сынады, ал авиа-кластың арқасында балалар авиамодельдердің  көрнекті ұшуларын көре алды. Сонымен бірге оқушылар зумба биледі және тіпті тақырыптық флешмоб даярлады.

– Маған шеберлердің кино, роботтар және ұшақтар туралы баяндағандары ұнады. Біз кесте тіктік және балшықтан мүсін сомдадық, және біз шахмат ойнадық, көптеген өте қызықты байқаулар болды, бұл танымды болды. Және мен мұның бәрі осында келіп, көруге тұрарлық деп ойлаймын, деп өз әсерімен бөлісті Сәния Омарова.

«Аман келешектің» құрметті қонақтары: Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Ляззат Турлашов, олимпиада чемпиондары – Ольга Шишигина мен Ермахан Ибраимов, актер Фархат Абдраимов, танымал Дмитрий Петрухин, Еуропа және Орталық Азия бойынша ЮНИСЕФ-тің аймақтық кеңсесінің өкілі- Алматы қ. ЮНИСЕФ бюросынан –  Амирхусейн Ярпарвар, цирк тобының жетекшісі – Мұрат Мутурганов, қазақстандық мемлекет қайраткері – Бырғаным Айтимова болды.

Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Депутаты, БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі және Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі Бырғаным Айтимова былай деді:- Спорт мерекесі, балалар шығармашылығы мерекесі, рух, ғылым, мәдениеттің мерекесі. «Аман келешек» алаңдарында балалар төзімділікке үйренеді, қарым-қатынас жасауды үйренеді. Тұңғыш Президент Қорының «Аман келешек» атты салауатты өмір салтын насихаттайтын балалар мен жасөспірімдердің жалпыреспубликалық қозғалысын құру міндетін қойғандығы қуантады.

Биылғы жылғы фестивальдің ерекшелігі «Аман келешек» аясында «Мектепке жол» қайырымдылық науқанын өткізу болды. Оның ұраны «Мектепке жол барлық балалар үшін». Тұңғыш Президент Қоры оқушыларға фирмалық естелік сыйлықтар табыстады. Ал орасан зор бесінші мерейтойлық фестиваль барлық қатысушыларға арналған «Достық алауымен» және еліктірер  Fire show-мен аяқталды.

 

ҚР Тұңғыш Президент Қорының баспасөз қызметі

PR-менеджер Алтынай Аманбаева

+7 (727) 220-92-16, +7 (701) 506-62-02

a.amanbayeva@fpp.kz, www.fpp.kz

Поделиться: