15.08.2019 | Тұңғыш Президент Қоры ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау жүйесін жетілдіруге көмектеседі

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауға бағытталған «Қамқорлық» жаңа бастамасын іске асыру бойынша жұмысын бастады.

Бүгінде Қазақстанда шамамен 86 мың мүмкіндігі шектеулі бала және ерекше қажеттіліктері бар 156 мың бала бар. Біздің жүргізген талдауымыз бойынша, балалардың көбі оңалтуды үнемі қажет етеді. Бұл жүйке жүйесі, тірек-қимыл жүйесі және басқа да ауыр дерттері бар балалар.

Осы мақсатта Тұңғыш Президент Қоры мемлекеттік, коммерциялық және қоғамдық институттардың күш-жігерін біріктіре келе, дамуында ауытқушылықтар бар балалардың өмір сүру жағдайларын жақсарту мақсатында, нақты  айтқанда, ондай балаларды қолдау жүйесін жаңғырту бойынша жұмыс жүргізуде.

Тұңғыш Президент Қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев бұл бастаманы іске асырудың механизмдері туралы айтып өтті:

Тұңғыш Президент Қоры осы бастама аясында мүгедектікті азайту, әлеуметтендіру, алдын-алу және ерекше қажеттіліктері бар балаларға жағдай жасау үшін бірінші кезекте қолданыстағы инфрақұрылым негізінде сегіз оңалту орталығын ашуға көмектеседі.

Сонымен қатар, біз білім беру ұйымдарында сегіз инклюзияны қолдау ресурстық кабинеттерін ашуға көмектесуді жоспарлап отырмыз. Бұндай орталықтар Нұр-Сұлтан, Тараз, Түркістан, Семей, Қостанай, Орал, Атырау және Талдықорған қалаларына әсіресе қажет. Елбасының тапсырмасына сәйкес, орталықтарды қажетті жабдықтармен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ қамтамасыз етеді.

Тұңғыш Президент Қоры мамандарды даярлауды және шоғырландырылған электрондық платформаны құруға жәрдемдесуді көздейді.

Жоғарыда аталған іс-шаралар – «Қамқорлық» бастамасының бірінші кезеңі.  Бұл жыл сайын ерекше қажеттіліктері бар 5 мыңға жуық балаға қажетті көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Бұл ретте алдағы уақытта ықпалдастырылған көмек жүйесі құрылатын болады.

2019 жылғы 1 тамызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры Әсет Исекешевпен кездесу барысында «Ел үміті» және «Қамқоршылық» бастамалары бойынша тапсырмалар берді.

– Қор өз жұмысын бірқатар іс-шараларды жүзеге асыру бойынша жүргізеді. Біз дарынды жастар мен дамудағы ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауға бағытталған екі «Ел Үміті» және «Қамқорлық» жобаларын бастаймыз. Дарынды жастарға елімізде және шетелде оқуға көмектесу керек. Бұл өте пайдалы және қажет жұмыс. Жалпы, Қордың осы бағыттағы жұмысын жандандыру қажет», – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Поделиться: