15.04.2019 | Қазақстандағы ең үздік әлеуметтік жобалар. Тұңғыш Президент Қорынан гранттар алады

2019 жылдың 16-17 сәуір күндері Алматы қаласында «Zamannyn` ziatker jastary — vision of the future» атты әлеуметтік идеялар мен жобалардың XV жыл сайынғы Жәрмеңкесі өтеді.  Әдеттегідей жәрмеңке аясында әлеуметтік идеялар байқауының қорытындысы шығарылады, жеңімпаздар қоғамдық маңызы бар жобаларды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш ПрезидентіЕлбасы Қорының гранттарына ие болады.

Биылғы жылы әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев жариялаған «Жастар жылы» контекстінде, сондай-ақ «Рухани Жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында жүзеге асырылуда. Аталған бағыттар конкурстың тақырыбын берді, шарт бойынша ҮЕҰ, этникалық қауымдастық, қоғамдық кеңестер, жастар бастамашыл топтары мен қызығушылық клубтары жас қазақстандықтарға бағытталған жобаларды ұсынды.

1 ақпаннан 25 наурызға дейін өткізілген әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауының алдын-ала кезеңіне ұйымдастырушы комитет еліміздің барлық өңірлерінен 161 өтінім алды. Солардың ішінен тек қана 50 ұйым ақтық кезеңге өтті. Олар өздерінің әлеуметтік жобаларын үш номинация бойынша қазылар алқасы алдында таныстырады: «STEP – 7» немесе «Болашақтың өркениетіне жеті қадам», «Аман келешек жақын!» және «Тұлпар – Болашақ». Байқаудың қорытындысы бойынша,  байқау комиссиясы  жеңімпаздарды анықтайды, олар Тұңғыш Президент Қорынан гранттар алады.

Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі – екі күндік іс-шаралар кешені, ол дәріс залын, шеберлік класын, дөңгелек үстелді және жеңімпаздарды марапаттау рәсімімен конкурстың соңғы мәресін қамтиды. Әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауының басты мақсаты – бұл азаматтық қоғамды дамыту және әлеуметтік қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешу екендігін естеріңізге саламыз. Жоба азаматтық бастамаларды одан әрі қаржыландыру үшін қолдау көрсетуге арналған.

Биылғы жылдың Жармеңке бағдарламасы бұрынғыдай – қаныққан. Салтанатты ашылудан кейін бірден ғалымдар, мәдени мұра сарапшылары мен жастар ұйымдарының көшбасшыларының қатысуымен «Қазақстанның мәдени коды: күннің ақиқаты және болашақтың бейнелері» атты дөңгелек үстел өтеді. Ал байқаудың қатысушылары үшін екі дәріс өткізіледі: біреуі таныстыру дағдылары мен қаржылық сауаттылық туралы; екіншісі — азаматтық қоғамды дамытудың жаңа үрдісі ретіндегі әлеуметтік кәсіпкерлік туралы.

Жәрмеңкенің негізгі бөлімі – 50 жобаны таныстыру және қорғау. Іс-шара жеңімпаздарды марапаттау салтанатымен аяқталады.

***

Құрметті БАҚ өкілдері!

Сіздерді 16 сәуір күні сағат 10:30-да Жәрмеңкенің ресми ашылуына шақырамыз, мекен-жайымыз: Алматы қ., Достық үйі, Құрманғазы көшесі, 40 (Төлебаев пен Қонаев көшелерінің қиылысында).

Жәрмеңкенің толық бағдарламасы – қосымшада.

ҚР Тұңғыш Президенті Қорының баспасөз қызметі

PR-менеджер Артур Жумашев

+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13

a.zhumashev@fpp.kz, www.fpp.kz

Поделиться: