14.12.2018 | Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Күні қарсаңында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының қызметкерлері Ерлан Сатаев пен Гүлмира Қасымова «Астана 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталды.

Бұл жоғары марапат Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Бұйрығымен тағайындалды.

Әріптестерін медаль алуларымен құттықтай отырып Қордың атқарушы директоры Қанат Жұмабаев былай деп кетті: «Бұл күннің маңыздылығын ескере отырып, біз мемлекетіміздің егемендік жылдарында жеткен жетістіктерін еске аламыз, өз еңбектері арқылы Республиканың, өмірдің әр түрлі салаларының дамуына белсенді ат салысып жүрген адамдарды атап өтеміз.  Сіздерді алған марапаттарыңызбен құттықтаймын! Зор денсаулық, нық сенім, барлық көздеген жоспарларыңыздың орындалуын және сарқылмас жігер тілеймін».

Поделиться: