19.12.2018 | Алматылық мектеп оқушыларына жаңа жылдық ертегі сыйлады!

Тұңғыш Президент Қоры балаларға ұмытылмас мереке сыйлады. Мүмкіндігі шектеулі балалар – балалар үйлері мен 11 түзету мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері, сондай-ақ Алматы мен Алматы облысының аз қамтылған отбасыдан шыққан мектеп оқушылары бір сағатқа жарқын, көркем музыкалық туындыға бөленді.

Тұңғыш Президент Қоры 9 және 14 жас аралығындағы 750 балаға арнап Қазақстан Республикасының халық әртісі, профессор Гаухар Мурзабекованың жетекшілігімен және Қуыршақ театрының қатысуымен «Қазақстан Камератасы» Мемлекеттік оркестрының орындауында Сергей Прокофьевтың «Петя мен қасқыр» атты музыкалық-қуыршақ спектаклін сыйлады.

Бұл дәстүр бойынша, мұқият ойластырылған жаңа жылдық қойылым. Ертегінің әр образы, кейіпкері белгілі бір аспап түрімен көрсетілген: Петя- бұл ысқымен ойналатын аспаптар, ал қасқыр- валторналар, құс- сыбызғы, үйрек- гобой, мысық- кларнет, ата- фагот, аңшылар- литавралар мен барабандар. Және осы қойылымға арнайы жасалған сайқымазақ қуыршақтар.

Спектакльді бірегей деп санауға болады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрініс балаларды жоғары өнерге, күрделі музыкаға тартады. Қуыршақтар қойылымы маңызды заттар- әділдік, қайырымдылық, сүйіспеншілік, кешірімді болу туралы ойландырады.

Сәнді декорациялар, еліктірер музыка мен кербез әртістер. Қор осы секілді балаларға арналған көлемді мерекелерді дәстүр бойынша жыл сайын жаңа жыл қарсаңында өткізеді.

– Біз Тұңғыш Президент Қорына осы іс-шара үшін, осы қайырымдылық қойылым үшін алғыс айтамыз. Себебі бұл біздің балалар үшін өте маңызды: әсемдікті көрі, әсемдікті түсіну, дейді Алматы қ. естімейтін балаларға арналған мектеп-интернатының директоры Александра Днишева.

Ұлдар мен қыздар ертегі кейіпкерлерімен тілдесуден үлкен жақсы әсер алды. Іс-шара соңында мерекеге қатысушы балаларға ҚР Тұңғыш Президент Қоры атынан жаңа жылдық сыйлықтар берілді.

 

ҚР Тұңғыш Президент Қорының баспасөз қызметі

PR-менеджер Алтынай Аманбаева

+7 (727) 220-92-16, +7 (701) 506-62-02

a.amanbayeva@fpp.kz, www.fpp.kz

Фото – Виталий Ткач

Поделиться: