14.08.2019 | Талантты қазақстандықтар тағы да Еуропаны бағындырды

Тұңғыш Президент Қоры талантты жастардың барлық бастамалары мен жобаларына қолдау көрсетеді. Біздің конкурстық бағдарламаларымыздың көмегімен жас қазақстандықтар өздерінің ең батыл идеяларын жүзеге асырады және әр түрлі елдерді бағындырады Елбасының Қорының трэвел-гранты көптеген дарынды музыканттардың, хореографтар мен суретшілердің әлемге танымал болуы үшін жол ашты. Бүгін біз Қордың қолдауының арқасында жаңа мақсатқа қол жеткізген тағы бір шығармашылық ұжымы туралы айтып бергіміз келеді. 

Фархад Булатов, Радмир Мадьяров, Алмас Сагимбаев және Кайрат Егимбаев, барлығы бірге – «Астробоны» тромбоншылар ансамблі. Музыкалық аспаптарды онша білмейтіндер үшін – бұл бас-тенорлық регистрдің мыстан жасалған үрмелі музыкалық аспабы. Сонымен, жуырда ғана бұл ұжым Сан Марино Республикасынан оралды. Жан-жағынан Италия қоршаған бұл шағын мемлекетте, «San Marino International Music Courses — New Music Project» атты жыл-сайынғы заманауи музыка шеберлік-сабағы өтті.

Бұл беделді шеберлік сабағына қатысу бәрінің қолынан келе бермейді. Қатаң конкурстық іріктеуден өту қажет. Үміткерлер алдын ала түйіндемелері мен өнерлерін бейнежазбаға жазып жолдайды. Әр педагог өзі үшін алты музыкантты таңдап алады да, солармен жұмыс істейді. Біздің балаларға дүниежүзіне танымал педагог, композитор, профессор және тромбонға арналған заманауи музыканы дәріптеуші Джон Кенниден сабақ алу бұйырды.

Барлық алған білім, жаңа тәжірибе мен педагогтардың тәлім-тәрбиесі қазақстандық тромбонистерді Сан Маринода ашық ауада жеке концерттер беруге шабыттандырды. Біреуі “Cesta” мұнарасының террасасында өтті, екіншісі — “Күн шығысындағы Концерт” Сан Мариноның ең ескі базиликтерінің бірінде өтті. Тромбондарда асқан шеберлікпен ойнағаны үшін “Астробондар” ансамблі еуропалық көрерменнің көңілін көтеріп, жоғары өнерді бағалаушылардың таңданысын тудырды.

Трэвел-гранттар конкурсы 2019ж. 30 қарашасына дейін өтетінін естеріңізге саламыз. Толық ақпарат мына сілтемеде.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры баспасөз қызметі

PR-менеджер Артур Жұмашев

+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13

a.zhumashev@fpp.kz, www.fpp.kz

Поделиться: