14.06.2018 | Алматыда Тұңғыш Президент Қоры Лауреаттарының концерті үлкен жетістікпен аяқталды.

«Жүректегі арман асуларға жетелеген!»- Тұңғыш Президент Қоры Лауреаттарының Концерті осындай дәстүрлі атаумен өтті. Абай атындағы опера және балет театрының үлкен сахнасынжа жас және өнерге берілген дарындар өз таланттарын дүйім жұртшылыққа паш етті.

Лауреаттар Концерті жоғары өнердің шынайы қадірлеушілерге толы залды-мыңға жуық адамды жинады. Қойылымға тиянақты дайындалған: сахна, керемет декорациялар мен көрермендер. Билер, әндер, музыкалық аспаптарда ойнау: бәрі әдеттегідей көрінгенімен, Тұңғыш Президент Қоры осымен тоғызыншы жыл өнерді бағалаушыларды мультимедиялық технологияларды қолдану, күтпеген дуэттермен, хореографиялық нөмірлермен таңғалдыруға тырысуда. Бұл кеште барлық атақты адамдарды бір нәрсе біріктірді- олар Тұңғыш Президент Қорының Лауреаттары.

Қазақстанның талантты орындаушылары мен шығармашылық ұжымдары Үлкен Опера тақырыбына арналған концерттің керемет бағдарламасымен өнер көрсетті. Еуразиялық кеңістіктің ең ірі театрларының бірінде Астананың 20-жылдығына орай,ең танымал туындылар- «Абай» операсындағы Абайдың ариясы, «Страна улыбок» операсындағы Лиза мен су Чонгтың дуэті, «Кармен» операсынан попурри ойналды. Ал оларды атақты әртістер орындады.

Мәдениет- бұл мемлекеттің рухани тірегі. Қоғам ұлттық өнерді сақтап қалу үшін шығармашыл тұлғаның дамуына жағдай жасауға міндетті. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасы Қорының қызметі өте маңызды. Міне осымен он жыл бойы біз талантты жастарды қолдап келе жатырмыз. Лауреаттар Концерті- бұл біздің еліміздің таланттарын көрсету. Бұл кеште аңызға айналған уындыларды орындаған жастар, қонақтарға адам сенгісіз эмоциялар сыйлады,  шығармашылық үшін ешқандай кедергі жоқ екендігін тағы бір дәлелдегеніне сенімдімін, дейді Қордың Алматыдағы өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров.

Сахнада орын алған қойылым, көрермендердің назарын толықтай аударды, оларды болып жатқан оқиғаға ортақ етті және әрқайсысының есінде жарқын естеліктер қалдырды.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры Лауреаттарының Концерті аясында қонақтарға «Астана- Ұлы дала інжу-маржаны» атты белгілі фотокөрме көрсетілді. Қазақстандықтар, Абай атындағы опера және балет театрынан шықпай-ақ, біздің астанамыз бойынша тартымды экскурсияға аттанды.

Астананың 20-жыдығына байланысты ондаған жұмыстар дайындалды. Қала тұрғындары үлкен қызығушылықпен Астананың ерекше ғимараттарымен танысты. Суреттерде әлемдік дейгейдегі мәдени объектілер – «Бәйтерек», «Ақ Орда», «Нұр-Әлем», «Бейбітшілік және келісім сарайы», сондай-ақ белгілі «Назарбаев орталығы» көрсетілген.

Жоғары өнерді бағалаушылар үшін «Астана- Ұлы дала інжу-маржаны» фотокөрмесіндегі күтпеген тосынсый Тұңғыш Президент Қорынан сыйға берілген ерекше фотоаьбом болды. «A day in Astana» Қордың тапсырысы бойынша арнайы астананың 20-жылдығына арналып шығарылды.

Лауреаттардың үлкен Концертінен кейін «Үлкен Операның» Үлкен дауыстары өз  көрермендерімен кездесіп,талантына сүйсінетіндер үшін – «A day in Astana» фотоальбомдарына қол қою үшін қонақтарға шықты.

Ондаған адамдар операның әрбір әртісімен танысып, атақты таланттармен көптен күткен кездесуді фотоаппараттарына түсіріп, қолтаңба сұрап алды. Өнерге табынушылр Тұңғыш Президент Қорының Лауреаттарын ұзақ уақыт жібермеді.

Бұл кеште, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорына дәстүрлі түрде Алматыда өтетін осындай көлемді концертке шақырғаны және ұйымдастырғаны үшін тағы да алғыс сөздер айтылды.

ҚР Тұңғыш Президенті- Елбасы Қорының баспасөз қызметі

Айнур Исабаева

+7 701 777 65 58

Алтынай Аманбаева

+7 (727) 220-92-16, +7 (701) 506-62-02

a.amanbayeva@fpp.kz  www.fpp.kz

Фото: Виталий Ткач

Поделиться: