14.03.2019 | Дүниежүзі елдерінің көптеген тыңдармандарының жүрегін жаулаған «Тұран» фольклорлық-этнографиялық ансамблі 10 жылдығын атап өтеді

2019 ж. 19 наурыз күні Алматы қаласында әлемге танымал «Тұран» фольклорлық- этнографиялық ансамблінің шығармашылық кездесуі өтеді. Ансамбльдің шығармашылық жолының 10 жылдығына арналған іс-шараға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры қолдау көрсетті.

Шығармашылық кездесу аясында ансамбльдің қатысушылары «Тұранның» қалай құрылғандығын баяндайды, өздерінің шығармашылық жолының 10 жылдығына арналған әлемдік турне алған әсерлерімен бөліседі және әрі қарай даму бойынша және елдегі және шетелдегі алда көрсететін өнер көрсетулері бойынша жоспарларымен таныстырады. Барлық жиналған жанкүйерлері мен журналисттер үшін «Тұран» Наурыз мейрамын тойлау қарсаңында музыкалық тарту жасайды.

«Тұран» ұжымының тарихы 2008 жылдан басталады. Бүгінде бұл бес музыканттар: Абзал Арықбаев, Бауыржан Бекмұханбетов, Ержігіт Әлиев, Мақсат Медеубек, Серік Нұрмолдаев. Ансамбльде жұмыс істеумен қатар, олар өнертану ғылымдарының магистрлері және докторлары, Құрманғазы атындағы консерваторияда және Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында сабақ береді.

Сыбызғы, шаңқобыз, сазсырнай, шертер, жетіген, шіңкілдек, домбыра, қылқобыз секілді ежелгі аспаптардың жаңа дыбыстау әдістері мен үлгілерін іздеуге ұмтылу, сондай-ақ көмеймен ән айту көне өнерін жандандыру ансамбльді құру идеясына негіз болған.

10 жыл ішінде ансамбль өзінің бірегей шығармашылығымен 600-ден артық жеке концерттерін бере отырып, 70-тен астам әлем елдеріндегі тыңдармандардың жүрегін жаулады. Ұжым «Карнеги холл» (Нью-Йорк, АҚШ), «Кеннеди центр» (Вашингтон, АҚШ), «Концерт хаус» (Берлин, Германия), «Кремль сарайы» (Мәскеу, Ресей), «Конгресс және фестивальдер сарайы» (Канны, Франция), «Салле Корто» (Париж, Франция) және т.б. секілді танымал залдарда өнер көрсеткен.

Өздерінің мерейтойларына арнап «Тұран» ансамблі Беларусь, Норвегия, Ресей, Әзербайжан, Венгрия, Татарстан және Түркияда өнер көрсетіп, әлемдік турне жасады. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры қолдауымен ұжым Қытай Халықтық Республикасының  Шундэ, Шеньчжене, Цинхуандао, Пекине, Шанхай, Ханчжоу қалаларында концерттер берді.

Жақында «Тұран» Монте-Карло, Канны және Париж қалаларында өткен «Ұлы даланың жеті қыры» концерттік турнеден оралды, ондағы халық ансамбльді үлкен қошеметпен қабылдады. Ал топтың келесі тоқтаған елі Сауд Арабиясы. Онда ансамбль «Nomad Universe» фестиваліне қонақ және қазақ музыкалық мәдениетінің өкілдері ретінде шақырылды.

Отанға оралып, ансамбль өзінің 10 жылдың шығармашылық жолының жетістіктері мен нәтижелерін бөлісу үшін, өздерінің достары мен жанкүйерлерін жинайды.

Кездесу 19 наурыз /сейсенбі/ 16:00-де Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында өтеді. Қатысу үшін: +7 747 756 53 41, +7 778 609 06 19 телефондарына қоңырау шалыңыз. Кіру тегін.

Құрметті журналисттер мен редакторлар шығармашылық кездесу туралы, түсірілімдерді ұйымдастыру және ансамбльдің қатысушыларымен сұхбат жүргізу туралы қосымша сұрақтар бойынша, төменде көрсетілген телефондар бойынша жүгінулеріңізді сұраймыз:

 

Пресс-служба Фонда Первого Президента РК

PR-менеджер Артур Жумашев

+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13

a.zhumashev@fpp.kz, www.fpp.kz

Поделиться: