14.03.2018 | BALLET GLOBE фестивалінде Алматы қайтадан әлемдік деңгейдегі жұлдыздарды қарсы алуда

27-29 наурыз аралығында Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында балеттің ең жарқын әлемдік жұлдыздары өнер көрсетеді. Осы жылы BALLET GLOBE фестивалі екінші рет өткізіледі. Үлкен ұйымдастырушы іс-шара, ArtClassic компаниясы, француз және ресей әртісі, тамаша хореограф Мариус Петипаның 200 жылдығына арнады.

Париж-Опера, Ковент-Гарден, Ресей Үлкен театры, Бордо Үлкен театры және Женева Үлкен театры секілді әлемнің жетекші театрларының атынан танымал балет әртістерінің өнер көрсеткенін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры қолдады.

Фестиваль 27 наурызда Париж операсының этуальдері Мириам Олд-Брам мен Матиас Эйманның қатысуымен Мариус Петипаның хореографиясындағы бәрімізге сүйікті                   П.И. Чайковскийдің «Спящая красавица» атты спектаклімен, сондай-ақ МАОБТ балет труппасымен және симфониялық оркестрмен ашылады.

28 наурызда Үлкен театрдың прима-балеринасы Екатерина Крысанова мен жетекші солисті Игорь Цвирко, Ковент-Гарден Корольдік театрының прима-балеринасы Яна Саленко, Абай атындағы МАОБТ-ның балет труппасы мен симфониялық оркестрі Петиптің ең керемет балеттерінің бірі «Баядерка» балетін ел назарына ұсынады.

Фестиваль 29 наурызда Ballet Globe Gala классикалық және заманауи балет кешімен аяқталады. Сол кеште танымал хореографтар Алматылықтар мен мәдени астана қонақтары үшін үлкен тұсаукесер жасайды.

Ballet Globe Gala-да «Париж-Опера» этуальдері Мириам Олд-Брам мен Матиас Эйман, Ресей Үлкен театрының прима-балеринасы Екатерина Крысанова мен жетекші солисті Игорь Цвирко, Корольдік «Ковент-Гарден» театрынан шақырылған Яна Саленко прима-балеринасы, Бордо Үлкен театрының этуальдері Сара Ренда мен Роман Михалев, Женева Үлкен театрының жетекші солистері Саша Рива мен Юми Айзава, Абай атындағы МАОБТ-ның жетекші солистері Азамат пен Асель Асқаровтар және «Астана Опера» театрының жетекші солистері Бақтияр Адамжан мен Мәдина Баспаевалар қатысты. Айтпақшы, Мәдина Баспаева Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры Сыйлығының Лауреаты болып табылады.

Сондай-ақ, бағдарламада — үш фестивальдік күн бойы жұмыс істейтін LEVITATION заманауи өнер көрмесі өтеді.

Толығырақ ақпаратты ArtClassic парақшасынан таба аласыздар. (https://www.facebook.com/artclassic.kz/)

 

ҚР-ның Тұңғыш Президенті Қорының баспасөз қызметі

PR-менеджер Артур Жумашев

+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13

a.zhumashev@fpp.kz, www.fpp.kz

Поделиться: