13.09.2017 | Балеттің әлемдік жұлдыздары Алматыдағы хореограф-студенттермен шығармашылық кездесу өткізеді

14 қыркүйекте Алматыда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Қорының үлкен концерт залында  әлемдік балеттің аса көрнекті әртістері А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің студенттерімен кездеседі.

Шығармашылық кештің ұйымдастырушысы Н.Назарбаев Қоры. Ол Алматыда «Гала Этуалей» балет кеші аясында өтеді.

«Гала Этуалей» — Абай атындағы МАОБТ сахнасында 15 және 16 қыркүйекте аты аңызға айналған Мариин театрының прима-балеринасы Диана Вишнева және әлемдік балеттің көркем бейнелерінің қатысуымен өтетін концерттер циклі. Кештің бағдарламасына керемет техникасымен, желісінің тазалығы және бүкіл әлемде орындаушылық шеберлігімен танылған 21 ғасырдың көрнекті әртістерінің орындауындағы классикалық және заманауи балет қойылымдарының жарқын үлгілері кіреді.

Шығармашылық кеште Мариин театрының примасы Диана Вишнёва, Штутгарт мемлекеттік театрының премьері Фридеман Фогель және осы театрдың примасы Мария Эйхвальд, сонымен бірге, Эссен-Балеттің премьері Айдос Зақан өздерінің болашақ әріптестерімен білген-түйгендерімен бөлісіп, табысқа жету жолдарын айтады. Ал, жас бишілер болса, өздеріне би әлемінің жаңалықтарын  ашады.

— Н.Назарбаев Қорының басым міндеттерінің бірі қазақстандық талантты жастарға қолдау білдіру, — дейді Алматыдағы Қор өкілдігінің директоры — атқарушы директор орынбасары Сергей Тохтаров. — Бұл шығармашылық кездесу осы міндетті шешуге жақсы көмектеседі. Қазақстандағы жетекші балет мектебінің студенттеріне осы әлемдік балет элитасымен танысып, әлемге әйгілі әріптестеріне өз сауалдарын жолдауға, жаңа қуат алып, қарапайым емес, бірақ, бас айналдырарлықтай өнер жолында дұрыс бағытты таңдауға керемет мүмкіндік беріледі.

Сонымен бірге айта кетерлігі, Айдос Зақан және Мария Эйхвальд – А.В.Селезнев атындағы АХУ түлектері. Ұзақ жылдарды араға салып, олар өздерінің туған жерлерінде өнер көрсетеді.

***

Құрметті журналистер!

Сіздерді 14 қыркүйекте (бейсенбі) сағат 14:30-да Алматы қ., М. Ганди к., 10, 2-ші қабаттағы Н.Назарбаев Қорында  өтетін әлемдік балет этуалдарымен шығармашылық кездесуге шақырамыз.

 

ҚР Тұңғыш Президенті Қорының баспасөз қызметі

Артур Жумашев, PR-менеджер 

+7 727 2700 641, +7 708 960 56 13

a.zhumashev@fpp.kz

Поделиться: