13.08.2019 | Ғылым бойынша кеңестің мүшесі «Тұран» университетінің деканы болып тағайындалды

Тұңғыш Президент Қорының жанындағы Ғылым бойынша кеңестің мүшесі, PhD докторы, экономика ғылымдарының кандидаты Разакова Дина Ибрагимқызы  «Тұран» университетінде жаңа лауазым алды. Ол экономика факультетінің деканы болып тағайындалды. Бұған дейін Дина Разакова осы факультетте «Маркетинг және логистика» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған.

Тұңғыш Президент Қоры жанындағы Ғылым кеңесінде профессор Разакова кеңес қызметін аналитикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады. Сонымен қатар, Дина Ибрагимқызы қазақстандық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін дамытуға бағытталған көптеген конференциялар, дөңгелек үстелдер мен шеберлік сабағын өткізуге бастама жасайды.

Burabay Forum атты жас ғалымдардың соңғы форумында Дина Разакованың Қазақстан логистикасы бойынша Ұлттық сертификатталған орталық құру бойынша бастамасына Еуропалық логистикалық ассоциация қолдау білдірді.

Поделиться: