13.08.2019 | Нұр-Сұлтанда «Jastar kerýeni» жобасына старт берілді

Нұр-Сұлтан қаласындағы Есіл өзенінің жағасындағы амфитеатрда ірі көлемді жастар слеті өтті. Бұл «Jastar kerýeni» жобасының басталуың салтанатты рәсімі. Слетке Қазақстанның барлық аймақтарынан 16-29 жас аралығындағы талантты, шығармашыл жастар өкілі қатысты.

Жоба Жастар жылы және «Азаматтық бастамаларға қолдау көрсету» ҰАҚ мемлекеттік гранты аясында «Қазақстан жастарының конгрессімен» және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен жүзеге асырылды. Оның мақсаты жастар ішкі туризмін дамыту және Қазақстанның барлық аймқтарындағы жастарды біріктіру болып табылады.

Шараның құрметті қонағы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры атқарушы директорының кеңесшісі Фархад Куанганов болды.

Өзінің құттықтау сөзінде Фархад Куанганов жобаны жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті және жастарды ҚР Тұңғыш Президенті Қорының жобаларына қатысуға шақырды: «Қазақстанның ең әдемі жерлері, тарих және мәдениет ескерткіштері туралы көбірек білуге көмектесу – бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын жобаның басты мақсаты. Бүгін осы амфитеатрда көптеген жастар жиналғанын ескере отырып, Сізді біздің жобаларымызға қатысуға шақырғым келеді. Елбасы қорының басты миссиясы-ғылымда, шығармашылықта және өнерде өз қабілеттерін көрсететін талантты жастарды қолдау болып табылады. Елбасы қоры оқу озаттарына білім гранттарын, студенттік стипендияларды алуға, шетелде тағылымдамадан өтуге көмектеседі».

Кештің хэдлайнерлері эстраданың жарық жұлдыздары – Raim&Artur, Мирас Жугунусов, заманауи рэп орындаушы– Rick0407, диджей – DJ Angel болды. Сондай-ақ кештің бағдарламасына театралдық және музыкалық қойылымдар, неонды шоу және тағы басқалары қосылған.

«Jastar kerýeni» жобасына қатысуға 1500-ден астам жастар өтінім берген. Олардың ішінен арнайы комиссия 680 қатысушыны таңдап алды.  Бұл балалар бренд-амбассадорлардың сүйемелдеуімен Қазақстан аймақтарының мәдени-тарихи мұрасымен танысу үшін еліміздің 7 бағыты бойынша сапарға аттанды.

Поделиться: