13.08.2018 | Ақмола облысында «Burabay Forum: Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығы» жас ғалымдар форумы өз жұмысын аяқтады.

Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Литва, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген жүзден астам келешек ғалымдар Қазақстан, ТМД елдері мен шет елдердің өзара байланысын дамыту үшін еліміздің ең көркем аймақтарының бірінде бас қосты.

Форум аясында секциялық отырыстар мен шеберлік класстарының қатары өтті. Жұмысқа зерттеушілер, ҚР мемлекеттік органдарының өкілдері мен басшылары: Талғат Ешенқұлов –  ҚР білім және ғылым министрлігінің вице-министрі, Рашид Кузембаев – «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының басшысы, Қанат Идрисов – Ақмола облысы әкімінің орынбасары қатысты. Пікірталастың сарапшысы ҚР Тұңғыш Президент Қоры атқарушы директорының орынбасары – Игорь Рогов болды.

Зерттеушілер мен мемлекеттік органдардың өкілдері пікірталас алаңында Қазақстан мен ТМД елдерінің өзара байланысын бірнеше бағытта дамытуды талқылады: ауыл шаруашылығы, ғылым, мәдениет салаларындағы ынтымақтастық, сондай-ақ физика және ғылымды қажет ететін технологиялар.

«Туризм инновациялық шешімдер қабылдау жағдайындағы аймақтық даму факторы ретінде» секциясының қатысушылары туризмді дамыту перспективаларының өзекті мәселелерін көрсете отырып, цифрлық маркетингті пайдалану, мамандандырылған кадрларды даярлау, қазіргі жағдайда біздің елдеріміздің туризмін дамытуға көмектесетіндігін атап өтті.

Сонымен қатар «Burabay Forum: Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығы» барысында: білім мен ғылымды біріктіру: тәжірибе және перспективалары, аграрлық және туристік секторды инновациялық дамыту, бәсекеге қабылетті адами капиталды қалыптастыру құралы ретінде қарастырылуы тиіс еліміздің Еуразия кеңістігіндегі мүмкіндіктері  тақырыбында пікірлер тыңдалып, талқыланды.

Қатысушы елдердің ынтымақтастығын дамытудың үлкен қарқындылығын қамтамасыз етуге қабілетті басты принциптер, жаңа ғылыми жобалар, кәсіпорындар түзуге аса қолайлы жағдайлар жасау және олардың тиімді жұмысын қамтамасыздандыру болып табылады деп шешілді.

 

ҚР Тұңғыш Президент Қорының баспасөз қызметі

PR-менеджер Алтынай Аманбаева

+7 (727) 220-92-16, +7 (701) 506-62-02

a.amanbayeva@fpp.kzwww.fpp.kz

 

Поделиться: