13.02.2019 | Алматыда ҚР жоғары оқу орындары арасында робототехника бойынша алғашқы республикалық «IITU Robocon 2019» чемпионаты өтеді

2019ж. 15 ақпан/жұма күні Алматыда жоғары оқу орындары арасында робототехника бойынша алғашқы «IITU Robocon 2019» чемпионаты өтеді, оның ұйымдастырушылары- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры және робототехника бойынша құзыреттілік орталығы – Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ХАТУ).

Робототехника бойынша студенттік сайыстар Жастар жылы аясында және ХАТУ 10-жылдығына арналып өтеді.

Чемпионат «IITU Robocon 2019» чемпионаты – бұл Arduino платформасының базасындағы (микробақылағыштар) робототехника бойынша университеттік командалар арасындағы сайыс. Оның ерекшелігі, ол жас ғалымдарға «нөлден бастап», яғни құрастырудан бастап бағдарламалауға дейін (құрастыру, механика, электроника, робот интеллектісінің бағдарламасын жазу) роботтарды жинауға мүмкіндік береді.

ХАТУ робототехника бойынша құзыреттілік орталығында, Arduino-да роботтар әзірлеу технологиясын меңгере отырып, чемпионат қатысушысы АТ, электроника және робототехника саласында ғылыммен айналысатын кез келген ғылыми институтта кіші зертханашы болып жұмыс істей алады дейді.

«IITU Robocon 2019» -дың мазмұны мен ауқымы бойынша креативті қоғам құру мен цифрлы мемлекеттің жаңа ақиқаттарына өтуге ықпал ете отырып, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының бес басты бағыттарының біріне жауап береді. Чемпионат ғылым және теникамен айналысатын студенттерді ақпараттық технологиялар, электроника және робототехника саласында жұмыс істеуге даярлау мақсатын қойды. Бұл жас қазақстандықтарды кәсіби бейімдеуге бағытталған игі іс жүзеге асырылатындығына және жалғасы мен дамуын табатындығына сенімдімін,- деді Тұңғыш Президент Қорының Алматыдағы Өкілдігінің директоры  Сергей ТОХТАРОВ.

Ұйымдастырушылар чемпионаттың мақсаты- сайыс қатысушыларына олардың стартап-жобаларын одан әрі іске асыруға және Қазақстанның инновациялық іс-әрекетіне белсенді қатысуы үшін заманауи техникалық білімдер беру екендігін де айтады.

Робототехника саласындағы чемпион атағы үшін жарысуға Halyk Arena ойын алаңында 15 команда жиналады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады, олардың ішінде  3D-принтер және квадрокоптер де бар.

ХАТУ командасы ABU Robocon коммерциялық емес кәсіби ассоциациясының Азия- тынықмұхиттық роботтар сайысының сегіз мәрте қатысушысы болып табылатындығын еске сала кетейік.

***

БАҚ өкілдері үшін чемпионат күні іс-шара ұйымдастырушыларының қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді. Басталуы 9:30-да. Республика алаңынан Halyk Arena –ға жүретін және кері қайтатын автобус ұйымдастырылады. Шығу уақыты: 8:40. Байланыс тел.: 8 747 460 74 57, Асем Акжолбаева.

Чемпионаттың салтанатты ашылуы- 15 ақпан 10:00. Кіру тегін.

Мекен-жайы: Алматы қ., Halyk Arena мұз сарайы, Құлжа даңғыл жолы, 2.

.

ҚР Тұңғыш Президент Қорының баспасөз қызметі

PR-менеджер Артур Жумашев

+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13

a.zhumashev@fpp.kz, www.fpp.kz

Поделиться: