12.12.2018 | Өткен мен болашақтың мүмкіншіліктері

Қазақстанның ілгері дамуы- бұл Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясатының сәтті іске асуының нәтижесі. Еліміз тарихи өлшем бойынша қысқа уақыт аралығында әлеуметтік-экономикалық дамуда, халықаралық ынтымақтастықты дамытуда елеулі жетістіктерге жете алды.

Қазақстан бейбітшілік, ұлтаралық және дінаралық келісім қорғаны саналатын мемлекет ретінде, дүние жүзіне ашық, адамгершілік пен жасампаздық идеяларын таратуға ұмтылатын ел ретінде лайықты мәртебеге ие болды.  

Мемлекеттің осындай имиджін қалыптастыру, қоғамда осы құндылықтарды нығайту, ұлттық кемеңгерліктің, мәдениеттің, қоғамдық дипломатия мен дала өркениетінің терең бастауы мәніне ие идеологияны тиімді жылжытудың нәтижесі болды.        

Мемлекет басшысы әрдайым біздің өзіндік ұлттық кодтың басты құраушыларын сақтаудың маңыздылығы туралы айтып отырады. 

Бұл пікір әсіресе Президенттің «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласында және оның «Ұлы Даланың жеті қыры» атты жаңа мақаласында жарқын әрі ашық айтылған.

«Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы ғылыми фактілерге негізделген, және бізге үлкен тарихи мұра – берекелі жеріміздің жарқын жақтарын, осыдан жүздеген және мыңдаған жылдар бұрын қазіргі Қазақстан территориясында  өмір сүрген ата-бабаларымыздың ұлы жетістіктерін ашып көрсетеді.   

Қазақстан – ұлы байтақ жері «түркі әлемінің бесігі», алмалар мен қызғалдақтардың Отаны, салт аттылар мәдениеті мен жылқы өсіру пайда болған жер болып табылатын ел. Біздің далаларымыз ежелгі металлургия орталықтарының бірі болған. Мұнда Ұлы Жібек жолы өткен, «аң стиліндегі» өнер туындылары және «Алтын адам» жасалған. Мұның бәрі – тек біздің халқымыздың ғана емес, әлемдік өркениеттің бөлігі болған Ұлы Даланың алмаз қырлары. 

Елбасы өз мақаласында жеріміздің біртуар ағартушылары, саяси және қоғам қайраткерлері туралы да айтады, оларға Әл-Фараби, Яссауи, Күлтегін, Абылай, Тәуке, Кенесары, Абай және тағы да басқалары жатады. Біздің ұлы ойшылдарымыз өмірдің әр түрлі салаларында білімдерді меңгеруге және тереңдетуге үлкен үлес қосқан. Олар заманауи Қазақстанның территориясында ғана емес, сонымен қатар оның шекарасынан тыс та ғылымның, мәдениеттің, мемлекеттік басқарудың даму барысына ықпал еткен. 

Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, мақалада келтірілген барлық ғылыми фактілер терең түсінуді, одан әрі зерттеу және жүйелеуді талап етеді. Мақала өзінің түп-тамырын түсінуге, жаһандық тарихтағы Ұлы Даланың орнына жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мақала отандық ғалымдарға, халықаралық әлеуметке – ең бірінші кезекте, ғылым мен мәдениет қайраткерлеріне жолданған.

Президент мақалада сонымен қатар халықаралық ынтымақтастық арқылы да жүзеге асырылатын нақты жобалар қатарын ұсынды.

Мемлекет басшысы ғылым өкілдерін осы және басқа да көптеген жобаларға қатысуға белсенді қосылуға, Ұлы даланың, қазақ халқының тарихы мен мәдениеті туралы білімдерді тереңдету мен таратуға ықпал етуге шақырады.

Осы орайда ҚР Тұңғыш Президент Қоры белгілі бір жұмыс атқаруда. Рухани дамыған, патриот жастарды қалыптастыруға, еліміздің тарихы туралы білімдерді таратуға бағытталған жобалар жүзеге асырылуда. Бұл дарынды жастарды қолдау, оларды қоғамдық өмірге қатысуға жұмылдыру арқылы іске асырылады.

Қор ғылым мен өнер салаларында сыйақы алуға байқау ұйымдастырады. Жыл сайын гуманитарлық ғылымдар саласында зерттеу дүргізудегі үздіктер анықталады.  

«Қазақ тіліндегі үздік интернет-сайт» Байқауының арқасында мемлекеттік тілді, ұлттық мәдениет пен құндылықтарды дәріптейтін үздік интернет-ресурстар анықталады.

ҚР Тұңғыш Президент Қорының «Алтын тобылғы» атты әдеби сыйақы беретін жыл сайынғы байқауына деген жастардың үлкен қызығушылығын назарға ала отырып, біз жаңа номинация қосуды жоспарлап отырмыз, оның аясында Ұлы дала мәдениеті, тарихына арналған үздік туындылар іріктеліп алынатын болады.

Сонымен қоса, сүйікті мыңдаған оқушыларға «Кім білімдірек?» республикалық онлайн турнирге өзгерістер енгізіледі. Біздің тарихымыз бен мәдениетіміз, сондай-ақ біртуар тұлғаларымыз туралы сұрақтар көбірек болады.

«Қазақстанның мәдениеті мен салт-дәстүрлері» – Қордың «Асыл мұра» атты танымал фотобайқауының басты номинацияларының бірі. Байқау аясында еліміздің барлық жерінен жиналған жастар суреттер арқылы ұлттық әдет-ғұрыптардың орындалу кезінен, ұлттық спорт түрлерінен, маңызды іс-шаралар мен оқиғаларды тойлаудың тарихи қалыптасқан ерекшеліктерінен жарқын сәттерді көрсетеді.

Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау мен дамытуға сондай-ақ Қордың жыл сайын өткізетін мәдениет пен өнер саласындағы шығармашылық жобаларды қолдауға арналған байқауы да ықпал етеді. Республикалық байқауға соны зерттемелер, шығармашылық жобалар мен бағдарламалар шығарылады. Әр жылдары байқаудың жеңімпаздары белсенді шығармашылық қызмет ететін адамдар, көрнекті мәдениет қайраткерлері болды.  

ҚР Тұңғыш Президент Қоры ұлттық тарихты, еліміздің іргетасын қалаған құндылықтарын халықаралық деңгейде де насихаттауға үлес қосады. Шет елдерде көптеген іс-шаралар – конференциялар, отандық авторлардың өнер туындылрының арнайы көрмелері және тағы басқаларын өткізу жоспарланған.

Қордың көптеген лауреаттары өз шығармашылықтары арқылы президенттің идеялары мен еліміздің мәдениетін дүниежүзілік ареналарда кеңінен насихаттайды. Осылайша, мысалы, басты партияны лауреатымыз Сүндет Байғожин керемет орындап шыққан Италияда көрсетілген «Абай» операсы, әлемнің 40 елінде таратылды.                                                                                                                                        

Қордың басқа лауреаттары – шет мемлекеттердің мыңдаған тұрғындарына танымал Медет Шотобаев, Татьяна Вицинская, Бразилия, Италия, Франция, Финляндия, АҚШ, Румынияның үлкен сахналарында байырғы қазақ рухын бейнелейтін басты опералық партияларын сәтті орындап жүр.

Музыкалық, әдеби шығармашылық, көркем көрмелер арқылы көрсетілетін ұлтымыздың мәдени ерекшеліктері – тарих тереңінен бізге жеткен құндылықтар мен дәстүрлердің, ата-баба мұрасының бөлігі болып табылады.

Және Мемлекет басшысының мақаласы осы мұраның тек бірегейлігін ғана емес, жаһандық өркениетті дамытудағы Ұлы Даланың маңызды рөлін де көркем сөзбен көрсетеді. Ол қазақстандықтардың өздерінің Ұлы өткенін айқын сезінуіне ықпал етеді және бізді ұлттық кодымызды сақтай отырып алға басуға, дамуға бағыттайды.

Мақаланың идеялары біздің өзіндік ұқсастығымыздың дұрыс, дуниетанымдық негізін қалыптастыруға, жастарды қазақстандық патриоттылық рухында тәрбиелеуге, өз ата-бабаларының тарихын, еліміздің мәдениеті мен рухани құндылықтарын білетін және құрметтейтін заманауи бәсекеге қабілетті жас ұрпақ өсіріп шығаруға ықпал етеді.

Елбасы мақаласының басты тағайындауы дәл осыдан көрінеді.

12.12.2018ж. «Казахстанская правда» газетінде жарияланған.

Поделиться: