12.08.2019 | Елбасының Қоры «Method Pro» бағдарламасының қорытындысын шығарды

Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорының «Method Pro» бағдарламасын жүзеге асырудың қорытындысы шығарылды.

Үш жыл бойы Қор, Method Digital Education, КИМЭП университетінің қолдауымен ІТ-технологияларында қабілеттерін танытқан жастар үшін оқу-тәжірибелік тағылымдама өткізіп келе жатыр.

Бағдарламаға қатыса отырып, жастар жаңа білім алу және өздерінің ІТ-саласындағы идеяларын жүзеге асырудағы дағдыларын арттыру мүмкіндігіне ие болады.

Жыл сайын тағылымдамаға 100-ден 200 адамға дейін қатысады. Биылғы жылы 2 мың үміткердің ішінен 118 қатысушы іріктеліп алынды. Бұл балалар екі ай боына озық ІТ-жетістіктерді үйреніп, серіктес-компаниялар ұсынған шынайы міндеттер үшін шешімдер әзірледі.

Бағдарлама қатысушылары жобалық басқару, киберқауіпсіздік, микросервистер, веб-әзірлеме жжәне мобильді әзірлемелерді үйренді.

Оқытушылар Amazon, Chocofamily, Foxout және басқа компаниялардың өкілдері болды. Сондай-ақ КИМЭП университеті мен BTS Digital-дан шеберлік сабағы өткізілді.

Жуырда Алматыда үшінші жазғы ІТ-тағылымдама аяқталып, оның қорытындылары шығарылды. Demo Day – жобаларды таныстыру өткізілді, онда қатысушылар компаниялар үшіннақты жобаларды көрсетті. Билғы жылы қатысушылар Альфа Банк Казахстан, Technodom және BI Innovations үшін машиналық оқыту алгоритмдері бар мобильді қосымшалар мен жобалар әзірледі. Жобаларды әзірлеу және таныстыру балалардың командалық жұмысы нәтижесінде өткізілді.

Оқыту соңында хакатон- материалды игеру мен командада жұмыс істеу қабілетін тексеруге арналған экзамен өтті. Қатысушылар бір тәулік ішінде 5 тапсырманың бірін шешіп, шешімді келесі күні ұсынуы тиіс болды. Хакатонның қорытындысы бойынша бағдарламаның екінші бөлігінен 70 адам өтті.

– «Method Pro» – бұл біз, студенттер үшін жаңаны тануға, шынайы міндеттерді шешуге және командада дұрыс жұмыс істеуге үйрену үшін берілген мүмкіндік деп санаймын. Барлық курстар ұнады, әсіресе машиналық оқыту бойынша курс. Көп бағыттар болғаны жақсы- бұл әліппені игеруге және өзіңі ненің көбірек ұнайтынын және болашақта немен айналысқың келетінін түсінуге көмектеседі, – дейді тағылымдамаға қатысушы Алдияр Науканов.

Биылғы жылғы тағылымдаманың кейбір ерекшеліктері туралы Method Digital Education-ның негізін қалаушылардың бірі Самат Исказиев айтып берді: «Биылғы жылы Қырғызстан мен Өзбекстаннан келген балалар үлкен қызығушылық танытты. Бұл үш жыл ішінде тағылымдаманың халықаралыққа айналғандығын білдіреді. Біз ІТ-нарықпен жұмысты жетілдіріп жатырмыз. Бүгінде барлық оқытушылар мен тәлімгерлер- бұл үздік қазақстандық және халықаралық компаниялардың тәжірибеші әзірлеушілері».

Алты үздік командағы сыйлық ретінде 500 мың теңгелік сертификаттар табысталды. Бұл командалар «Мобильді рекрутер», , «Alfa-Mood қызметкерлерінің көңіл-күйін өлшегіш», «Альфа-Way» (қызметкерлердің грейдинг, даму және мансаптық жолының моделі), «Турникеттер кешенін басқару» секілді жобаларды ұсынды.

Сонымен қоса, «Method Pro» бағдарламасына қатысудың арқасында осы командалардың жастары табысты компанияларда одан әрі тағылымдама өтуге және жұмысқа тұруға шақырулар алды.

Поделиться: