12.04.2019 | «Жастар және қазіргі заманның жаһандық сын-тегеуріндері» VI Халықаралық жас ғалымдар конгрессі

4-8 сәуір аралығында Алматы қаласында жастар жылының аясында VI Халықаралық жас ғалымдар конгрессі өтті. Қазақстан Республикасындағы 2019 жылдың негізгі бағдарымен байланысты конгресс символды түрде  «Жастар және қазіргі заманның жаһандық сын-тегеуріндері» деп аталды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры мен Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Еуразия технологиялық университеті ұйымдастырған шараға әртүрлі елдерден ғылым және білім беру саласының өкілдері, оның ішінде Орта Азия мен Қазақстандағы Британдық кеңестің басшылығы, шотландтық Abertay University жоғары оқу орнының және Неофит Рилски болгар университетінің профессорлары қатысты.

«Жастар және қазіргі заманның жаһандық сын-тегеуріндері» VI Халықаралық жас ғалымдар конгрессі келесі секцияларды енгізді:

  • «Білім берудегі бизнесті біріктіру» тақырыбында дөңгелек үстел;
  • Конгресстің ресми ашылуы және пленарлық отырысы;
  • Панельдік сессиялар: «Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуы»; «Орта Азия мен Қазақстанның жас ғалымдарының көзқарасы бойынша экономикалық ғылымдардың өзекті сұрақтары»; «Қазіргі замандағы Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық мәселелері»; «Сандық жүйеге көшіру тұрғысыдағы экономиканың тұрақты дамуы»; «Білім мен ғылымдағы қазіргі заманғы жастар»; «Қазіргі жастардың инновациялық әлеуеті».
  • Студенттік конференция.

Конгрестің ресми ашылуы мен пленарлық мәжілісінде ЕТУ ректоры Жанар Темірбекова осындай іс-шараларды өткізудің білім беру міндеті мен университтердің қоғамдағы рөлі  контекстіндегі маңыздылығын атап айтты.   Осыған байланысты профессор Темірбекова Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорына жас ғалымдардың ынталылығын арттыруға және оларды университеттің академиялық өміріне белсене араласуға  тартуға  бағытталған түрлі ЕТУ бастамаларын тұрақты қолдайтыны үшін алғысын білдірді.  Ректор сондай-ақ ЕТУ серіктестері  — Орта Азия мен Қазақстандағы Британдық Кеңеске, Қазақстан Халқы Ассамблеясына осы іс-шараны өткізуге белсенді қатысқандары және көмектескендері үшін алғыс атты.

Бүгінгі конференцияда айтылып отырған мәселелер, – бұл бәрімізге ортақ мәселе, және біз  бірлескен шешімдерді іздеуде бірлесіп жұмыс жасау арқылы жеңе аламыз. Олай болса, бұл тәжірибелі ғалымдар үшін тәжірибесі аз жігерлі жастармен бірлесіп жұмыс істеу, және екі қоғамдастықтың ең жақсы топтарын біріктіру үшін тамаша мүмкіндік: күш-жігерлі, өршіл және ұмтылыспен жетілген жастармен тәжірибе. Егер осындай конференцияда мағыналы түрде бірге жинала алсақ, бұл бәріне жақсы жаңалық болады», – конгресстің ресми ашылуына қатысқан  Британдық Кеңестің Орталық Азиядағы және Қазақстандағы директоры,  білім беру атташесі Джим  Баттери өз әсерімен бөлісті.

Әрбір секцияның жұмысына Abertay University профессорлары Николай Муравьев мен Анастасия Кулури белсенді қатысты. Пленарлық мәжілісте шотландтық жоғары оқу орнының өкілдері «Ресурстарға бай елде жасыл экономиканы қалыптастыру: жас көшбасшылардың рөлі» және «Жастар – болашақтың көшбасшысы» тақырыптарында баяндамалар жасады.

Сондай-ақ Конгресстің өту барысында панельдік сессияларының бірінде қоғамның маңызды әлеуметтік мәселелері қарастырылды. Қазақстанда моральдық, физикалық және кәсіптік қолдауды қажет ететін адамдарға көмектесудің жаңа жолдарын енгізу мақсатын алға қойған жас әрі табысты кәсіпкерлер  бұл мәселелерден айналып өтпейді. «Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуы» сессиясының қатысушылары қатарында:

  1. Жанна Каратай – әлеуметтік кәсіпкер, «Pioneer Concept» қорының негізін қалаушы және президенті;
  2. Эльмира Карманова – «Комунити» ЖШС негізін қалаушы және «КомунитиПлюс» мәдени, әлеуметтік және білім беруді дамыту Қоры» ҚҚ Қамқоршылық кеңесінің төрайымы;
  3. Индира Шах – Impact Hub Almaty, Impact Hub Almaty (IHA) – Қазақстандағы әлеуметтік және шығармашылық кәсіпкерлікті дамытуға толық қолдау көрсететін бірегей платформаның бірлескен құрылтайшысы және директоры;
  4. Фарида Наврузбекова – «Social Impact Award» әлеуметтік кәсіпкерлік байқауының жеңімпазы, «TamaqMania» жобасының негізін қалаушы;
  5. Шолпан Каржаубаева – адамды көбейтудің қалалық орталығының базасындағы жастар денсаулық орталығын дамыту жөніндегі ресурстық орталығының өкілі.

Кездесу барысында біздің еліміз үшін «Әлеуметтік кәсіпкерлік» деген жаңа түсінік қызу талқылады. Сессияның қатысушылары ұзақ уақыт бойы өздерін әлеуметтік кәсіпкер деп атауға болатын мәселе бойынша ортақ пікірге келе алмады.
Әлеуметтік кәсіпкерлік, бір жағынан – оның қатысушысы өз өнімдерін немесе қызметін жасау арқылы адамдардың белгілі бір топтарының әлеуметтік маңызды мәселесін шешетін кәсіпкерлік түрі болып табылады. Әлеуметтік кәсіпкердің тұрақты кірісі болуы керек деп бастапқыда шешілген болатын.
Екінші жағынан, өзінің бизнесінен табыс табатын және табысының бір бөлігін тұрақты түрде  әлеуметтік мәселелерді шешуге беріп тұратын адамды әлеуметтік кәсіпкер деп санауға болады деген пікірлер айтылады.
Әлеуметтік кәсіпкерліктің үлгілері, әрине, аутизмге ұшыраған балаларға көмектесу, өздерін «кемшілікті ата-ана» деп есептейтін адамдарға және адамзаттың басқа да әлеуметтік мәселелеріне көмектесу сияқты қатысушылардың өздерінің жобалары болды.

«Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуы» панельдік сессиясы өз күш-жігерімен қоғамның әлеуметтік өмірінің ең күрделі міндеттерін шешу жолдарын тапқан және өздерінің үлгі болуымен басқаларды осындай жетістіктерге ынталандыратын адамдардың қуанышқа кенелуіне мүмкіндік берді.

«Жастар және қазіргі заманның жаһандық сын-тегеуріндері» VI Халықаралық жас ғалымдар конгрессі өз мақсаттары мен міндеттерін орындады, атап айтқанда, еліміздің инновациялық даму жолындағы тұрғысындағы экономикалық құқықтық және техникалық контекстінде  адамзат алдында тұрған жаһандық сын-тегеуріндердің мәселелерін жоғары деңгейде қарастыруға, еліміздің инновациялық дамуының басым бағыттарын жас ғалымдардың көзімен анықтауға мүмкіндік берді.

Тарихи Достық Үйінде және Еуразия технологиялық университетінде өткізілген іс-шаралар Қазақстан Республикасының ғылым, білім және экономика саласындағы ірі ауқымды жоспарларының халықаралық дамуына өз үлесін қосты.

 

Поделиться: