12.02.2019 | Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту- жас ғалымдардың қолында

Алматыда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының қолдауымен алғашқы халықаралық «Жас ғалымдардың агроөнеркәсіптік кешенді индустриалды-инновациялық дамытудағы үлесі» атты форум өтті.

Форум Жастар жылының іс-шараларын іске асыру аясында қазақ ұлттық аграрлық университетінің жас ғалымдарының бастамасымен өткізілді.

Форумның жұмыс барысында ауыл шаруашылығындағы цифрлық технологиялар, аграршы-студенттердің жобаларын коммерцияландыру және ауыл шаруашылық өнеркәсіптерінің шетелдік жұмыс тәжірибесін енгізу секілді өзекті мәселелер талқыланды.

Оның сессиялары мен шеберлік-сабақтарына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының, ҚР Ауылшаруашылық министрлігі, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» ҰАҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қорының өкілдері, Турция, Польша, Сербия, Болонья, Ресей, Украина, Тәжікстан, Әзербайжан және Өзбекстанның университеттері мен ғылыми-зерттеу институттарының жас ғалымдары, университеттердің Жас ғалымдар кеңестерінің мүшелері қатысты.

Форумды аша отырып, ҚР Тұңғыш Президенті Қорының Алматыдағы өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров былай деді:

— Форумның алдына қойған мақсаты-заманауи аграрлық ғылым мен агроөнеркәсіптік кешеннің міндеттерін шешу үшін жас ғалымдардың ғылыми ойлары мен шығармашылық идеяларын біріктіру ауыл шаруашылығын цифрландыру қажеттілігімен тығыз үйлеседі. Цифрландыру – бәсекеге қабілетті экономиканы дамыту мен халықтың тұрмыс сапасын жоғарылатуды көздейтін барлық елдер еретін жаһандық тренд.

Форум аясында жас ғалымдардың start-up жобалары мен ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижелерінің көрмесі ұйымдастырылды. Олар үшін Тұңғыш Президент Қоры жанындағы Ғылым бойынша кеңес мүшесі, сертификатталған бизнес-жаттықтырушы және танымал бизнес – тәлімгер Ғани Абадан өз орнын табу дағдыларын бөлісіп және жас ғалымдарды өз білімдері мен таланттарын ақшалы етуге шақыра отырып #БизнесПоЛюбви  шеберлік-сабағын өткізді.

Форум жас ғалымдарға өздерін танытуға, әр түрлі елдерден келген әріптестерімен ғылыми диалог құруға, өз жобаларын көрсетуге және болашаққа іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік берді.

ҚР Тұңғыш Президент Қорының баспасөз қызметі

PR-менеджер Артур Жумашев

+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13

a.zhumashev@fpp.kz, www.fpp.kz

Фото: Виталий Ткач

Поделиться: