11.09.2018 | ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының Республикалық штабымен бірігіп жастар журналистикасын дамыту бойынша жаңа «Jas Qalam» жобасын жүргізеді.

Отандық БАҚ танымал журналистері жас журналистерге, сондай-ақ болашақ журналистерге арнап аймақтық форумдарда тренингтер мен шеберлік сабағын өткізеді.
Жобаның мақсаты- қазақстандық журналистиканы дамыту. Форумдар 11 қыркүйек күні Тараз қ., 16 қыркүйек Алматы қ., 25 қыркүйек Семей қ., және 5 қазан Астана қ. өтеді. Қатысушылар – 14-29жас аралығындағы жастар.
Жоба 3 кезеңнен тұрады: өтінімдерді жинау- іріктеу кезеңі; облыс орталықтарындағы аймақтық форумдар; Астанадағы қорытынды республикалық форум. Жоба нәтижесінде 500-ден астам жас журналистерді оқытып, болашақта менторлық көмек көрсете отырып, қатысушылардың ілгерілеуін бақылау жоспарланып отыр.
Жұлдызды десант бірінші баратын қалаа- Тараз. 11 қыркүйек күні М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде алғашқы «Jas Qalam» форумы өтеді. Барық жас журналистерді және журналист болуды жоспарлап жүргендердің барлығын қатысуға шақырамыз.
Толық ақпаратты жоба үйлестірушісі Аида Сыздықовада 8747 674 48 36 телефоны бойынша алуға болады.

Поделиться: