11.07.2018 | Оқушылар арасында көлік саласындағы республикалық байқау өтіп жатыр

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және ҚР ӘМ «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-мен бірлесе ұйымдастырылған оқушылар арасында көлік саласы бойынша  байқау өтіп жатыр.

Байқау оқушылардың көлік саласына деген қызығушылығын арттыруға және оқушылардың мамандық таңдауда саналы шешім қабылдауына бағытталған.

Байқау алғаш рет жасөспірімдердің  арасында функционалдық сауаттылық пен сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту қажеттілігі аталып өткен Қазақстан Республикасының Президентінің “Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру аясында  2017 жылы өткізілді.

Байқаудың қосалқы ұйымдастырушылары болып Ұлыбританияның ғылым, техника, технология және басқару салаларындағы көшбасшы болып табылатын франк-британдық Крэнфилд ғылыми-зерттеу университеті, сондай-ақ Назарбаев университеті табылады. Конкурстың әріптестері ретінде «Air Astana» ұлттық тасымалдаушысы және “Samruk-Kazyna Trust” КҚ болып табылады.

Байқауға  ағылшын тілін жетік білетін, физика-математика және жаратылыстану ғылымдарының саласында олимпиада жеңімпаздары бар, сондай-ақ өздік жобалық жұмыс жасау тәжірибесі бар, Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептердің 16-дан 18-ге дейін жас аралығындағы оқушылар қатыса алады. Байқауға қатысушы топтарды облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері құрады.

Іріктеу туры 2018 ж. шілденің 24-26 аралығында Астана қаласында өтеді, қорытындылары бойынша ақтық сынға шыққан топтар 2018 ж. 19-26 тамыз аралығында Крэнфилд университетіне (Ұлыбритания) оқу-танысу сапарына барады.

Поделиться: