11.06.2018 | ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының лауреаттары Алматыда концертпен шығады

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының ең көлемді әрі есте қаларлық жобаларының біріне санаулы күндер қалды. 13 шілде Алматыда, Қазақстанның алтын дауыстары жыл сайын өтетін Лауреаттардың Концертінде өнер көрсетеді.

Қатысушылар үшін бұл жылы концерт нағыз марафон болады: бұдан бұрын тек жеке ән салатын әртістер ерекше дуэттерге, трио, квартеттерге бірігеді. Сондай-ақ Лауреаттар симфониялық оркестрмен жұмыс істеу шеберліктерін көрсететін болады.

Осы жылы Тұңғыш Президент Қоры Лауреаттарының жыл сайынғы концерті Астананың 20-жылдығын тойлауға арналған. Көлемді іс-шараның тақырыбы – «Үлкен Опера» болмақ.

Абай атындағы опера және балет театрының сахнасынан «Абай» операсындағы атақты Абайдың Ариясы орындалады, көрермендерді ішектердің еліктірер үнімен француздық композитор Жюль Массненің «Таис» лирикалық операсы баурайды, сонымен қатар қонақтарға әлемдік музыка жауһары – Жорж Бизенің «Кармен» және Моцарттың «Сиқырлы сыбызғы» операсындағы «Түн патшайымының ариясынан» попурри тыңдап ляззат алу мүмкіндігі түсіп тұр.

Әр қойылымның өзіндік даралығы бар. көрермендерге ерекше костюмдер, бірегей реквизиттер мен графикалық сүйемелдеу көрсетуге уәде етіледі. Басты назар балет және опера әртістерінде. Бұл жылы, сахнаға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары:

Салтанат Ахметова, «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының опера труппасының жетекші солисті;

Медет Шотабаев, «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының опера труппасының жетекші солисті;

Сундет Байгожин, «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының опера труппасының жетекші солисті;

Бибигуль Жанузак, «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының опера труппасының солисті;

Талғат Мусабаев, «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының опера труппасының жетекші солисті;

Татьяна Вицинская, «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының опера труппасының солисті;

Гаухар Тасбергенова, «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының опера труппасының пианино-концертмейстері;

Серік Накыспеков, «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының опера труппасының солисті;

Мадина Басбаева, «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының опера труппасының жетекші солисті;

Олег Татамиров, Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының солисті;

Анастасия Кожухарова, Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының солисті;

ЭмильСакавов, Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының солисті (баритон);

Еркебулан Сапарбаев, Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясының солисті;

Ермек Курманаев, Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясының солисті;

– Қазақстан Республикасының «FORTE TRIO» мемлекеттік триосы, көркемдік жетекшісі – Тимур Урманчеев  (фортепиано), Динара Базарбаева – Сахаман (скрипка), Мурат Нарбеков (виолончель);

– Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі, дирижер Нуржан Байбусинов шығады.

Олардың барлығын бір нәрсе біріктіреді- олар ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры сыйлығының лауреаттары.

Өнер кеші, қай жерде қойылмасын, салтанатты жетістікке жететін операмен аяқталады. Дж.Вердидің танымал және ең әдемі туындыларының бірі – «Аида» операсы.

ҚР Тұңғыш Президенті Қорының баспасөз қызметі

PR-менеджер Алтынай Аманбаева

+7 (727) 220-92-16, +7 (701) 506-62-02

a.amanbayeva@fpp.kzwww.fpp.kz

Поделиться: