11.06.2018 | Астанада жаңғыртылатын жнергетика саласын дамыту мәселелері бойынша декларация қабылданды

8 маусым күні Астанада Энергетика министрлігі тұлғасындағы Қазақстан Үкіметінің қолдауымен Қазақстанның жаңғыртылатын энергетика Ассоциациясы мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорымен бірігіп ұйымдастырған жаңғыртылатын энергия көздері бойынша Саммит өтті.

Саммиттің мақсаты – жаңғыртылатын энергия көздерін қолдану бойынша барлық «жақтайтын» және «қарсы» жағдайларды талқылау, сонымен қатар біздің еліміз бен барлық әлемдік қауымдастықтың «жасыл» болашағын құруға үлес қосуға арналған үздік идеялар мен тиімді шешімдерді іске асыру.

Іс-шарада 20-дан астам қазақстандық және Германия, Италия, Қытай, Оңтүстік Корея, Үндістан, БАӘ, Армения, Әзербайжаннан келген шетелдік спикерлер өз баяндамалары мен пікірлерін келтірді.

Саммит Shell компаниясының серіктестік қатысуымен «Жасыл астанадағы жасыл экономика» атты экологиялық акциясымен басталды, оның аясында қонақтар ҚР Тұңғыш Президент Кітапханасының жанына 10 көшет отырғызды. Ұйымдастырушылар, бұл акцияның тек әдемі ишарат емес, шын мәнісінде Саммиттің – барлық планета үшін «жасыл» болашақ құру басты мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін, маңызды ашу салтанаты екендігін атап өтті.

Саммиттің ресми бөлімін Қазақстанның Жаңғыртылатын Энергетика Ассоциациясының бас директоры Арман Кашкинбеков ашты. Өзінің құттықтау сөзінде ол барлық қатысушыларға, жобаның серіктестері мен спикерлеріне алғыс білдірді, олардың қатарында – мемлекет қайраткерері, кәсіпкерлер, нобель лауреаттары, медиа-индустрия өкілдері мен ғылым докторлары бар. «Мұнда үш жүзден астам делегаттар қатысып отыр, олардың басым көпшілігі- әлемнің түкпір-түкпірінен келген кәсіпкерлер. Біздің Саммиттің қорытындылары бойынша Декларация қабылданып, ресми хат арқылы ҚР Үкіметіне жолданады»,- деп хабарлады Арман Кашкинбеков.

Саммиттің жұмыс қорытындысы бойынша жоба қатысушылары бүгінгі таңда нарыққа қажетті технологиялық, қаржылық, әкімшілік және басқа да ресурстарды қосатын ірі көлемді мемлекеттік саланы дамыту бағдарламасының тұжырымдамасы жоқ деген жалпы пікірге келді. Саммит жұмысының басты нәтижесі ретінде алғашқы мемлекеттік ЖЭК саласын дамыту бағдарламасын дайындау мен жүзеге асыра бастауды ұсынатын Декларация қабылданды.

Қабылданған декларация аса маңызды мәселелерді шешуге және сәйкес мемлекеттік бағдарлама – айқын әрі нақты орындау жоспары бар бірыңғай келістірілген құжатпен қамтамасыздандырылатын Қазақстандағы жасыл энергетиканың тұрақты дамуына қажетті жағдайларды қалыптастыратын жаңа механизмдерді дайындауға мүмкіндік береді.

Арман Кашкинбеков мемлекеттік бағдарламаны құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқандығын мәлімдеді: «Атамекен» ҰКП президиум төрағасы Тимур Кулибаев өз тобына аталмыш бағытта әрекеттерді бастауды тапсырды.

«Біз бірігіп жұмыс істеуге келісіп қойдық: себебі бұл шарасыз тренд, Қазақстандағы ЖЭК үлесі өсуде, «жасыл» энергетиканың өзіндік құны төмендеуде, ол аса бәсекеге қабілетті болып келе жатыр»,- деп мәлімдеді Арман Кашкинбеков.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының халықаралық бөлімінің басшысы, Әлкей Марғұланұлы өткізілген іс-шараның өз уақытында өткендігіне және маңыздылығына екпін қойды.

«Егер қазіргі таңда көптеген дамыған мемлекеттер мен трансұлттық корпорациялардың тек қана зерттеулерге, табиғаттың жаңа мүмкіндіктерін игеруге қомақты ақшалай сомалар бөлетіндігін ескеретін болсақ, онда біз бұл фактордың біздің елді де айналып өтпейтіндігін түсінеміз. Бүгінгі алаң әр түрлі елден келген және әр түрлі көзқарастары бар көптеген сарапшылардың осы мәселені зерттеуге күштерін біріктіруі үшін мінсіз орын болып табылады», -деп атап өтті Әлкей Марғұланұлы.

Саммит қатысушыларының пікірінше, алғашқы мемлекеттік ЖЭК саласын дамыту бағдарламасына дамыту қажет бірнеше негізгі тармақтар кіруі тиіс.

Арман Кашкинбековтың айтуынша, Қазақстанның қолданыстағы заңнамалық жүйесін үш жыл сайын өзгермейтін,  аса ұзақ мерзімді уақыт әрекет ететіндей етіп жетілдіру қажет. Бұл заңнамадағы жиі орын алатын өзгерістерлің потенциалды инвесторларды үркітетіндігіне байланысты, ЖЭК секілді маңызды мәселеде мұндайға тіпті жол берілмеуі тиіс.

Ары қарай, мемлекеттің, инвесторлардың және Қазақстанның жаңғыртылатын энергетика Ассоциациясының аукциондардың бірінші раунд қорытындылары бойынша жеңген компаниялар мен девелоперлер тарапынан жобалардың жүзеге асырылуы мен келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына қосымша бақылауын қамтамасыз етуге қабілетті шаралар мен механизмдерді әзірлеу қажет.

Жақын арада шешілуі тиіс маңызды мәселелердің бірі- саланы ұлттық валютада ірі көлемді қаржыландыру.

«Пилоттық жобаларды халықаралық және жергілікті қаржылық институттар- ЕРДБ, ЕАДБ, ҚДБ қаржыландырады. Сонымен бірге, бұл міндетті шешуде жүйелілік жоқ. Бізде мүдделі қаржылық және мемлекеттік кеңсемен өзара әрекеттесуге арналған кешенді жоспар мен тәсілі айқын жазылған, мақсаттары анықталған және қажетті ресурстары белгіленген ауыл шаруашылығының, өңдеу өнеркәсібінің даму бағдарламасы бар»,- деді  Арман Кашкинбеков.

Декларация аясында дәстүрлі салаларға үздік әлемдік және отандық технологиялар мен дайындамаларды тарту және тәжірибелік жүзеге асыру мақсатында ҚР Үкіметіне кәсіпкерлік пен өнеркәсіптің жасыл рейтингін дайындау ұсынылған. Бұл бастама туралы бұдан бұрын Халықаралық жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар орталығының басшысы Рапиль Жошыбаев өзінің «Жасыл экономика» халықаралық форумының аясындағы Санкт-Петербургке сапарында хабарлаған болатын.

«Жасыл рейтинг жобалардың халықаралық қоршаған ортаны қорғау және тұрақты дамыту талаптарына сәйкестігін анықтайды, донорлық қаржыландыру құралдарын пайдалану мақсатында олардың потенциалы мен тиімділігін бағалайды, сонымен қатар бизнеске әр түрлі мемлекеттік жеңілдіктер мен артықшылықтар алуға ұмтылуға мүмкіндік береді»- дейді Рапиль Жошыбаев.

Қабылданған декларация сондай-ақ тікелей жасыл энергетика және экономика мәселелерімен айналысатын өкілетті орган құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынады. Бұл қадам үздік халықаралық тәжірибеге бейімделе отырып, ұсынылған мемлекеттік бағдарламаны тиімді дайындау мен орындауға арналған ресурстарды біріктіруге мүмкіндік береді.

Саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламасының маңыздылығын ескере отырып, Арман Кашкинбеков келесі оқиғада тоқталды: Қазақстанда «жасыл» экономикаға өту тұжырымдамасы болғандығына,саммиттер мен форумдар өткізіліп жатқандығына қарамастан, осы уақытқа дейін барлық  талқылауладың қорытындыларын шығаратын бірыңғай құжат болмаған, осыған байланысты қабылданған қорытынды декларация нақты әрекеттерді жүзеге асыру үшін өте қажет.

«Іс орнынан қозғалады деп үміттенеміз. Егер біз қазір ҚР Энергетика министрлігімен және «Атамекенмен» бірігетін болсақ, онда мұндай бағдарлама жобасын күзге дейін немесе жылдың соңыына дейін жазып, бағдарламаны үкіметтің қаулысымен бекітіп және оны жүзеге асыруды бастай аламыз деп ойлаймын. Ірі инвесторлар бізге былай дейді: «Саланы дамытудың ағымдық тұжырымдамасында мақсаттар тек үш мерзімге ғана нақты белгіленген: 2020 жыл — 3%, 2030 жыл — 10% және 2050 год — 50%. Ал бұл уақыттың арасында не болмақ? Осылайша, бізге аса нақты стратегия өте қажет»,- деген ойымен бөлісті Арман Кашкинбеков.

Саланы дамыту декларациясын қабылдау мәселесіне жауап бере отырып, Халықаралық жасыл технлогиялар мен инвестициялықжобалар орталығының басшысы РапильЖошыбаев әлемдік озық орталықтар мен компанияларды декларацияның арқасында болатын біріккен жобаларды жүзеге асыруда ынтымақтастыққа шақырды.

Қазақстанның жаңғыртылатын энергетика ассоциациясы мен екінші ЖЭК Саммитінің барлық қатысушылары қабылданған декларация аясында жұмысты жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мүдделі органдарға, бизнес-ассоциациялар мен кеңселерге қажетті қолдау көрсетуге дайындықтарын білдірді.

Барлық спикерлер бір ауыздан Қазақстанның мінсіз орналасу жеріне байланысты тек Орталық Азияда ғана емес, сондай-ақ барлық әлемде ЖЭК саласының көшбасшыларының бірі болуы үшін барлық алғышарттары бар екендігін айтты.

Саммит соңында «Kazakhstan’s renewable energy Day» (Қазақстанның жаңғыртылатын энергетика күні) кәсіби мерекесін ұйымдастыру туралы ұсыныс жасалды. Бұл мерекенің күні маусымның екінші жексенбісі болуы мүмкін.

Саммиттің ұйымдастырушыларының бірі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры – Қазақстанның жастарға арналған және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру, азаматтық бастамаларды қолдау және бәсекеге қабілетті эксперттік-аналитикалық орталықты дамыту үшін Мемлекет Басшысы Н.А.Назарбаевтың құрған ірі коммерциялық емес Қоры. 2017 жылы Қор дарынды қазақстандық жастарды қолдауға бағытталлған 145 іс-шараны жүзеге асырды. Қордың қызметі туралы толығырақ ақпаратты  www.fpp.kz сайтынан, және  Instagram @fpp_kz және Facebook @fpp.kz әлеуметтік желілерінен білуге болады.

Жаңғыртылатын энергия көздері бойынша 2 Саммиттің ресми серіктестері:  «Шелл Казахстан», Astana Convention Bureau, National Solar Energy Federation of India, Global Solar Council. Серіктес «VIP Support» – ХҒТО.

Техникалық серіктес – «Конрад Аденауэр атындағы Қор».

Каталог серіктесі – Eurasian Resources Group.

Туран серіктесі – «Туран» суы.

«ЖЭК саласын қаржыландыру мәселелерін шешу» Үшінші сессиясының серіктесі – United Nations Development Programme.

Қонақ-үй-серіктес – «Hilton Astana».

Ақпараттық тіреулер/тіреу серіктесі «Lost Found» – «МЭК Астана» компаниясы.

Тіркеу серіктесі– CARER.

«Жасыл планетаны бейнелейміз» серіктесі- қазақстандың «УАКЫП» қоры. «Welcome кофе-брейк» серіктесі – USAID.

Ланъярдтар серіктесі – First Wind Power Station.

Ресми коммуникациялық серіктес– Action Media.

Жобаның ақпаратық серіктестері: Atameken Business Channel, Мемлекетаралық телерадиокомпаниясы «Мир», Zakon.kz, Курсив.kz, «Эксперт Казахстан», «Деловой Казахстан»,  «Бизнес – Мир Казахстан», World Monitor Magazine, National Business, The Steppe, Baribar.kz, Бизнес Life, Sputnik Казахстан, «Литер», «Вечерний Алматы», Salem.

Поделиться: