11.05.2018 | «Дарынды балаларға- талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының қорытындысы

Ұстаз- бұл мамандық емес. Кез келген мамандыққа үйренуге болады, бірақ ұстаз болуға үйрену мүмкін емес. Ұстаз- өзінің шәкірттерін шексіз заманауи ғылымдар теңізінде керекті білімдерді табуды, өздігінен білім алу тәжірибесін жинауды үйретуге қабілетті шебер.

Жас педагогтардың шығармашылық потенциалын дамытуға және өзін-өзі танытуына жағдай жасау, ұстаздардың білім беру жүйеін жетілдіруге белсенді кәсіптік қатынасын қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасы қорының қолдауымен ҚР БҒМ «Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығы ағымдағы жылдың және  мамыр аралығында Семей қ. (Шығыс Қазақстан облысы) М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж қабырғасында «Дарынды балаларға талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасын (ары қарай- Олимпиада) өткізді.   Олимпиада 400 жас педагогтардың, болашақта ұстаз болуды жоспарлайтын жоғары сынып оқушыларынан құралған 15 топтың және гуманитарлық колледж студенттерінен құралған 11 топтың басын қосты.

Олимпиада кәсіптік байқау ретінде қарастырылады, себебі жас педагогтың кәсібилігін дамытуға, мүмкіндіктерін, тұлғалық және кәсіптік қасиеттерін ашуға, педагогикалық қызметтің мәнін түсіндіруге бағытталған және жас педагогтарға кәсіби жетістіктерін таныстыруға жағдайлар жасайы.

Олимпиада кезең бойынша өткізілді: күндізгі айналымға олимпиаданың аймақтық кезеңінің жеңімпаздары шақырылды. Екі күн бойы жас педагогтар, студенттер, жоғары сынып оқушылары өздерінің кәсіптік көзқарастарын креативті таныстыру, педагогтың кәсіптік қызметінің үлгілік міндеттерін шешу, шешендік дағдылары бойынша шеберліктерімен жарысты. Байқау қатысушылары өздері таңдап алған әр түрлі жанрларды көрсете отырып, жас педагогтар өздерін мүлде басқа жағынан көрсете алды. Ұстаздар өздерінің шығармаларын, би және ән өнерлерін ортаға салды.

Қызу жұмыс нәтижелері бойынша құзыретті әділ қазылар алқасы қорытынды шығарды. Педагогикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері сәйкес орындар бойынша І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорынан естелік сыйлықтар алды.

Поделиться: