10.07.2018 | Қазақстанда мүгедек адамдарға арналған алғашқы әлеуметтік интернет-радио жұмыс істейтін болады.

Бүгін Алматы қаласында мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «Сектор Х» алғашқы әлеуметтік радионың тұсаукесері өтті.

«Reliance» ҚҚ-ң мүгедектерге арналған интерактивті ақпараттық алаң құру бойынша бастамасына биыл жыл сайын өтетін Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры қолдау көрсетті.

«Сектор Х» әлеуметтік радиосы мүмкіндіктері шектеулі адамдардың бос уақытын, қарым-қатынасын ұйымдастыруға, белсенді қоғамдық, әлеуметтік өмірге тартуға және толерантты қарым-қатынас қалыптастыруға бағытталған.

Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін интернет радио – бұл қарым-қатынас жасауға, көптеген пайдалы ақпарат алуға және білім беру, жұмысқа орналасу, денсаулық сақтау, спорт, құқық, шығармашылық және өмірдің басқа да салаларындағы қызметтерге қол жеткізуге арналған алаң. Және біз бұл интернет-радио тек мүмкіндігі шектеулі адамдардың өздеріне ғана арналған диалогтық алаң емес, сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдармен, мемлекеттік құрылымдармен өзара әрекеттесуге арналған диалогтық алаң болады деп үміттенеміз, дейді «Reliance» қоғамдық қорының директоры Сәуле Алпысова.

Эфирлерді зағип және көздері әлсіз көретін журналистер жүргізетін болады. Біржыл бойы олар радио, теледидарда және газеттердің редакцияларында шеберлікке үйренді.

Бағдарламалар мүмкіндігі шектеулі адамдар соқтығатын әлеуметтік және құқықтық мәселелерге арналады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 2018 жылғы статистикалық мәліметтер бойынша 652000-нан астам мүгедек адамдар есепте тұр. Және әлбетте, мүгедектерді жұмысқа орналастыру, білім беру, қызмет көрсету саласында, сапалы оңалту мен бейімдеу бойынша шешілмеген мәселелер бар. Көбінесе, заңгерлерге, билік органдарының өкілдеріне көмекке жүгіну үшін, кез келген басқа да қызмет түрін алу үшін көптеген физикалық және техникалық кедергілерден өту қажет, және нәтижесі әрқашан сәтті бола бермейді.

Сондықтан мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірі туралы ақпараттан хабардар болумен қатар олардың проблемаларын жарыққа шығару, осы әлеуметтік жобаға тікелей қатысу арқылы әлеуметтендіруге ықпал етуі мүмкін. Мүгедектер үшін интернет радио-бұл  қарым-қатынас жасауға, көптеген пайдалы ақпарат пен білім беру, жұмысқа орналасу, денсаулық сақтау, спорт, шығармашылық және өмірдің басқа да салаларында көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуге арналған алаң.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, келешекте жоба Қазақстанның ҮЕҰ арналған алғашқы медиа платформа болмақ.

Тұсаукесерге мемлекеттік құрылымдардың, ҮЕҰ, саяси партиялардың өкілдері, мүгедек ұйымдары, қоғам қайраткерлері, БАҚ қатысты.

ҚР Тұңғыш Президенті Қорының баспасөз қызметі

PR-менеджер Алтынай Аманбаева

+7 (727) 220-92-16, +7 (701) 506-62-02

a.amanbayeva@fpp.kz, www.fpp.kz

Фото – Виталий Ткач

Поделиться: