09.09.2019 | Baiqonyr фестивалі тағы да үздік қысқа метражды кино режиссерларын анықтады

Алдымыздағы жексенбі күні Алматыда— IV Baiqonyr International Short Film Festival қысқа метражды кино фестивалі аяқталды.  Бес күн бойы, 4-8 қыркүйек аралығында Kinoplexx Sary Arka кинотеатрында Қазақстан, Ресей, Армения, Қырғызстан, Өзбекстан, Алтай, Татарстан, Әзірбайжан және Беларусь елдерінің жас режиссерлері қысқа метр бағалаушылар жұмыстарымен қуантты. Фестивальді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры үшінші рет қолдады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Елбасының Қоры тұрақты қолдауы оларға сенімділік ұялатады және фестиваль сапасын арттыруға күш береді. Төртінші Baiqonyr ISFF бағдарламасы айтарлықтай өзгерді, ол алғаш рет халықаралық деңгейге шықты. Фестивальдің өзгеруі туралы оның бағдарламалық директоры Ержан Жұмабеков айтып берді: «Биылғы жылы біз «Ұшқын» және Oberhausen International Short Film Festival секілді жергілікті және шетелдік кинофестивальдермен серіктес болдық, бұл қатысушылардың жаңа таныстықтарына, тәжірибе алмасуына және қарым-қатынастарына ықпал етті. Егер бұрын біз танымал режиссерлер немесе университет түлектері түсірген фильмдерді көрсеткен болсақ, биылғы жылы біз студенттердің жұмыстарына ден қойдық.  Кинофествальдің бағдарламасын құруда біз биылғы жылдың Жастар жылы деп жариялануына байланысты өз істерінің жас мамандары оператор Азамат Дулатов пен режиссер Серік Әбішевты білімдерімен бөлісуге және шеберлік кластарын өткізуге шақырдық. Және «Су» атты ашылу фильмі өзінің екі жас арасындағы махаббат тақырыбымен кинофестивальге бағыт берді».

4-інші халықаралық Baiqonyr кинофестивалінің жеңімпаздарын екі қазылар алқасы таңдады. Қазақстандық қатысушылардың жұмыстарын қараған халықаралық қазылар алқасына: Oberhausen International Short Film Festival-дің режиссері және төрағасы және іріктеуші Кристиана Бюхнер, «УМУТ» ТМД елдеінің жас кино форумының бағдарламалық директоры Гульбара Толомушова, режиссёр және сценарист Серiк Апрымов, Eurasian Creative Guild Film Festival-дің директоры Майра Карсақбаева, III Baiqonyr SFF жеңімпазы Тимур Сердалин, продюсер Данияр Ибрагимов кірді. Халықаралық конкурсқа баға берген ұлттық қазылар алқасын: төраға — режиссёр, Мәскеу халықаралық кинофестивалінің «Алтын Георгий» иегері Фархат Шарипов, продюсер Диана Әшімова және оператор Азамат Дулатов құрады.

— Мені кинофестивальге қазылар алқасы ретінде шақырғанына алғыс білдіремін. Маған әрқашан Қазақстандағы қысқа метрдің жағдайы қызықты болатын. Көптеген жұмыстарды қарай отырып, мен көрермендердің қысқа метрге деген назарына және олардың көрсетілімдердегі санына таң қалдым. Жас қазақстандық кинематографистерге қарым-қатынас жасауға, бір-бірімен танысуға және өз фильмдерін көрсету үшін алаң қажет. Және Baiqonyr кинофестивалі бізге осы мүмкіндікті береді, оның үстіне ол дәл сол алаңға айналды- деп бөлісті Кристиана Бюхнер, халықаралық қазылар алқасының төрайымы.

Қатысушылар мен студенттер үшін қоюшы-оператор Азамат Дулатов пен режиссер және продюсер Серік Әбішевтің шеберлік сабағы қызықты болды. Олардың әрқайсысы өз қызметінің ерекшеліктері туралы айтып, жұмыс тәжірибесімен бөлісті, болашақ мамандарға нақты кеңестер берді және аудиторияның өзекті сұрақтарына жауап берді.

Кристиана Бюхнер, өз кезегінде, Ойын киносы жанрларының кең ауқымына қарамастан, қазақстандықтарға қайда ұмтылу керек екенін атап өтті. Оның пікірінше, «жергілікті режиссерлерге көбірек тәжірибе жасау, киноның дамуын бақылау және көрерменнің не көрмегенін, мүмкін, жай ғана айту мүмкін емес, сезіну керек тақырыптарды шешу және көрсету керек».

Сонымен, халықаралық конкурстың жеңімпаздары:

  • Әділ қазылар алқасының арнайы жүлдесі – «Изгородь», Михаил Кулунаков (Алтай Республикасы);
  • Үздік сценарий – «Видеорегистратор», Сара Кнар (Қазақстан);
  • Үздік оператор – «Франка», Павел Скакун (Беларусь);
  • Үздік актер – «Прощай», Саламат Нурмамбетов және Даниель Курманалиев (Қырғызстан);
  • Үздік режиссер – «51+», Данияр Абиров (Қырғызстан);
  • Үздік фильм – «Прощай», Караш Жанышов (Қырғызстан).

«Ұшқын» халқаралық фестивалінің өкілдері Алишер Жадигеровтың «Қағаз тікұшақ» картинасына «Үздік студенттік фильм» жеке номинациясын өз қолымен табыстады.

Ұлттық конкурста жеңіс мына кісілерге бұйырды:

  • «Бродвей таңдауы» — «Домбыра», Рамазан Халиолла;
  • Әділ қазылар алқасының арнайы жүлдесі – «Дипломмен ауылға», Самгар Рахым;
  • Үздік деректі фильм – «Ханские танцы», Рабиға Орынбасарова;
  • Үздік қошы суретші – «Статус не свободен», Асель Улжебаева;
  • Үздік актер – «Шоқ», Санжар Мустафа;
  • Үздік актриса – «Қағаз тікұшақ», Лаура Жадигер; «Жаздың салқын түні», Анель Ислямова;
  • Үздік оператор – «Бауыр», Айдос Сулеймен;
  • Үздік режиссёр – «Бауыр», Еламан Шаубанов;
  • Гран-при – «Жаздың салқын түні», Амир Аменов.

IV Baiqonyr ISFF жеңімпаздарына дипломдар және «Алғашқы қадам» мүсіндері табысталды. 

— Қарапайым естілгенімен, мен жас кинематографистерге сенім мен ниет тілегім келеді. Өзінің шынайылығына және өз ітерінің керек екеніне және болуы қажет екеніне сенім. Бойларыңызда осы сенім сезімі болғанда, сіздер соңына дейін барасыздар» – деп қорытындылады ұлттық қазылар алқысының төрағасы, , режиссёр Фархат Шарипов.

Кинофестивальдің бас серіктесі Kinoplexx Theatres болды.

Baiqonyr ISFF қатысушы фильмдері туралы ақпаратты фестивальдің  baiqonyr.brod.kz сайтынан табуға болады.

Кинофестиваль бойынша барлық сұрақтар  :

Айдана Мамаева

8-775-321-46-43, info@brod.kz

ҚР Тұңғыш Президенті- Елбасының Қоры

Баспасөз қызметі

PR-менеджер Артур Жұмашев

+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13

a.zhumashev@fpp.kz, www.fpp.kz

Поделиться: