09.07.2019 | Қазақстандық жас сценографтар еуропалық көрерменге перфоманс сыйлады

Еуропада қазақ ертегілері мен түркі халықтарының аңыздары әлемін толықтай сезілді. Чехияның астанасында Жүргенов атындағы өнер академиясының студенттері өздерінің шығармашылық жобаларын ұсынды. Прагалық Квадриеннале – PQ 2019 келушілер сценография бойынша оқу жұмыстары, ерекше инсталляциялар мен қайталанбас театрлық костюмдерді тамашалады.

Өз ісіне ғашық студенттерге ірі көрмелік шарада еліміздің ұлттық мәдениетін көрсетуге Елбасы Қоры көмектесті. Төрт жылда бір рет өтетін PQ 2019 қатысу үшін, жас қазақстандықтар Қорымыздың трэвел-грантын жеңіп алды. Биылғы жылы квадриеннале әлемнің театр қайраткерлері үшін осымен 14-інші рет өз есігін ашты.

Жағалаудағы Каролина Университетінің (АҚШ) студенттерімен бірге Қазақстаннан барған қатысушылар «Қазақ ертегілеріндегі қиял күші: еркін ұшу инстинкты» перфомансын көрсетті. Жоба көрермендерді Ұлы даланың ұлттық мәдениетімен таныстырып қана қоймай, экологияның қазіргі заманғы мәселелерін де қозғады.

Перфомансты әшекейлеуге арналған макеттерді, сахналық инсталляциялар мен костюмдерді студенттер өздері жасады. Бұл дүниелер балаларға Тәңірдің тууы және ежелгі аңыздар мен ертегілерден әлемнің құрылуы туралы мифті өз түсінігінде айтуға көмектесті.

Дегенмен, Елбасы Қорының грант иегерлері PQ 2019 қонақтарының жүрегін жаулап қана қоймай, өздері де шабыттанып қайтты. Он күн бойы Александра Поминова, Ирина Писарюк және Аружан Болат іс-шара шеңберінде симпозиумдарға, көрмелерге, семинарларға және оқу бағдарламаларына қатысты. Осының арқасында болашақ сценографтар мен декораторлар жаңа кәсіби білім алып, ой-өрісін кеңейтті.

Біздің студенттер Қазақстанның бір бөлігін сыйлай отырып, өздері де сыйлықсыз қалмады. Өзінің шығармашылық жұмысы үшін дарынды қыздар Конкорд Халықаралық Академиясының І-ші және ІІ-ші дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Поделиться: