09.07.2018 | Жоғары идеалдар және үлкен істер

Астананың мерейтойына арналған фотокөрмелер, креативті байқаулар мен студенттер мен мектеп оқушыларына арналған тағылымдамалар, талантты жастарды біріктіретін Smart Zholy қозғалысы,- осы және тағы да басқа жобалар ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының қамқорлығымен жүзеге асырылуда.

Асыл жиектемедегі інжу-маржан

Начало формы

Жарқын, заманауи, адам сенгісіз – испаниялық Мадридтегі және голландиялық Гаагадағы Қазақстан астанасының 20-жылдығына арналған және Тұңғыш Президент Қоры ұйымдастырған  «Астана – ұлы дала інжу-маржаны» фотокөрмесіне келушілер Астананы осындай эпитеттермен мадақтады. Бүгінде ол фотокөрме халықаралық турнені жалғастыруда.

– Үкімет Басшысының бастамасы бойынша құрастырылған жаңа астана, әлемге тәуелсіз Қазақстанды ашады,- дейді ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев.– Ол үшін биылғы жыл – есте қаларлық, еліміздің бас қаласы мерейтойын тойлайды. Астана, Еуразияның саяси орталығы – әлем көшбасшылары кездесетін, тұрақты даму жолдары анықталатын, халықтар арасындағы сенім мен өзара түсіністікті нығайту трендін қалыптастыратын саммиттер мен конгресстер өтетін орын болды десек артық айтпаймыз.

Астананың мерейтойын тойлауға белсенді қатыса отырып, қор «Астана- ұлы дала інжу-маржаны» фотокөрмесінің халықаралық турнесі  мен астананың әр объектісінің қайталанбас ерекшеліктері жазылған және ғимараттары көрсетілген «A day in Astana» ағылшын тіліндегі фотоальбомының  шығарылуын ұйымдастырды.

Турне Мадридте басталды, онда фоткөрме ХІХ ғасырда салынған Карлос де Амберес Қорының жөнделген ғимаратында өтті. Мұнда әлемдік тарих жауһарларының қатаң әрі талғампаз көзқарастарымен бірге Астананың фотопортреттері де көрсетілді. Және қазақстандық жас астана келушілерге, соның ішінде Испания мен Еуроодақтың мемлекеттік қайраткерлеріне де әсер қалдыра алды. Кейінірек экспозиция БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының штаб-пәтеріне ауысып, осы жерде Астананың ерекше ғимараттарының суреттерін 2000-нан астам адам көрді.

– БҰҰ ДТҰ әлем бойынша саяхаттайтын танымал байкерлер тобы бар. Көрмеден кейін олар біздің елімізге келіп, 2018 жылы тамызда Астананы тамашалауға және саяхат нәтижелері бойынша Қазақстан мен Астана туралы кітап шығаруға ниет білдірді,- деп баяндады Қанат Жұмабаев.

Мадридтан кейін Гаага болды, онда Crowne Plaza Den Haag Promenade көрме залы бір күнге Астананың жүзге жуық қызықты және ерекше ғимараттары мен Қазақстанның таңғажайып жерлерінің фотосуреттерінен тұратын галереяға айналды. Осылайша, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры ҚР Нидерландыдағы елшілігінің көмегімен бірден екі көрмені ұйымдастырды: «Астана – ұлы дала інжу-маржаны» және «Беймәлім Қазақстан».

–Келушілерді қатты қызықтырған Астананың басты бренді – Бәйтерек,- дейді Тұңғыш Президент Қорының атқарушы директоры. – Сонымен қатар Тәуелсіздік және келісім сарайы, Хан-шатыр және Назарбаев орталығының суреттері де ұмытылмас әсер қалдырды. Және әрине, «Беймәлім Қазақстан» сериясының суреттері де біздің табиғатымыздың әсемдігі мен алуан түрлілігін көрсете отырып, барлығын баурап алды.

Ресейдегі көрме де үлкен қызығушылыққа ие болды. Мәскеуде экспозиция «Россия сегодня» халықаралық ақпараттық агенттігінде көрсетілді, одан кейін экспозицияны Санкт-Петербург мемлекеттік университеті және одан әрі – Астраханьдағы облыстық өлкетану мұражайы қабылдап, онда бұл көрмеге Астрахань облысының губернаторы Александр Жилкин келді.

Сондай-ақ фотокөрмені Қазан қаласында өткізу жоспарланып отыр, ал 6 шілде күні «Астана – ұлы дала інжу-маржаны» Әзербайжан астанасы – Баку қаласындағы Гейдар Алиев Орталығында көрсетіледі.

Трендтерден оза отырып

– XXI ғасыр- жылдам өзгеретін жағдайларда икемді болуы тиіс, барлық жаңашылдыққа ашық болып, өмір бойы үйрене білуі тиіс жоғары біліктілікті мамандарды даярлауда негізгі трендтер жоғары деңгейді талап ететін, технологиялар мен инновациялардың қарқынды даму уақыты,- дейді Тұңғыш Президент Қорының атқарушы директоры. – Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев адами капиталды дамытуға үлкен назар аударады. Және Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында және «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында  Президент модернизцияның басымдықтарының бірі ретінде «жаңа адами ресурстар» немесе «адамның ел дамуының іргетасы ретіндегі факторын»  атайды.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры талантты жастарды қолдау, әлеуметтік саясат және Мемлекет Басшысының сыртқы саяси бастамаларын ілгерілету саласында сондай-ақ ядролық қарусыздандыру мен сенімділік шаралары аясында креативті жобаларға бастама жасай отырып, мемлекет дамуының аталған стратегиялық бағыттарының тиімді жүзеге асуына өз үлесін қосады.

Қанат Жұмабаевтың айтуынша, қордың басты жобаларының бірі – Smart Zholy, мұндағы  Smart «ақылды технологияларды» білдіреді, ал Zholy – қазақ тілінен аударғанда- жол. Ол Оңтүстік-Шығыс Азияның үздік стартап-алаңдарымен және халықаралық ІТ-хабпен тығыз  байланысты жүзеге асырылады. Нәтижесінде қазақстандық дайындаушылардың бір тобы аймақтың топ-100 стартаптары қатарына кірді және осы жылдың 28-29 маусымы күндері Сингапурда Echelon Asia Summit ірі технологиялық алаңында венчурлық инвесторлардың алдына шықты. Және тағы да жеңіске жетті: қазақстандық Webtotem стартапы Оңтүстік-Шығыс Азияның үздік ондығына шықты. Сонымен бірге, сингапурлық SaturdayKids компаниясы тағы бір қазақстандық Intellection стартапын инвестициялауға келісті.

Онымен қоса, қор осымен екінші жыл жастарды MethodPro жобасы арқылы ІТ-технологиялар бойынша жаппай оқыту бағдарламасын іске асыруда. 11 маусым күні оның жазғы ІТ-тағылымдамасы бірден Қазақстанның екі қаласында басталды. Жоба – жас таланттар үшін өздерін көрсетуге, қабілеттерін ашуға және Method.coding  бағдарламалау мектебі оқытушыларының және қазақстанның үздік компанияларының кәсіби-ұстаздарының жетекшілігімен практикалық жұмыс тәжірибесін алудың тамаша мүмкіндігі.

– Қор жаңа трендтердің сенімді интеграторы мен модераторы ретінде жастардың бастамаларын қолдау мақсатында мемлекеттік органдармен және халықаралық корпорациялармен белсенді жұмыс жасайды. Әділет министрлігімен бірігіп оқушылардың құрастыру, астрономия, физика, математикаға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған транспорт саласындағы білім беру жобасы басталды. Финалистер Крэнфилд университетінің аэроғарыштық мектебінде және Ұлыбританиядағы Ланкашир университетінде 10-күндік тағылымдамадан өту мүмкіндігін алады,- деді Қанат Жұмабаев.

Сондай-ақ қор ҚР БҒМ мемлекет тарихы институтымен бірігіп Назарбаев орталығында ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен еліміздің жеткен жетістіктеріне арналған «Қазақстан жолы. Тәуелсіздік дәуірі» халықаралық конференциясын өткізді.

– Мемлекет Басшысының жыл сайынғы Жолдауларын, сонымен қатар Президенттің «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыра отырып, Қор Қазақстанның халықаралық аренада ілгерілеуі бойынша жұмысқа үлес қосады жән көрнекті сараптық алаңдармен тиімді өзара әрекеттеседі,- деп қосты Қанат Жұмабаев.– Ағымдағы жылдың басынан бері халықаралық серіктестердің қатысуымен бірнеше жобалар жүзеге асырылуда. Осылайша, көктемде Санкт-Петербург мемлекеттік университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында ҚР Президентінің «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының салтанатты тұсаукесері өтті.

Ал сәуір айының басында Мәскеудегі «Россия сегодня» халықаралық ақпараттық агенттігінің алаңында көрнекті мемлекеттік қайраткерлер мен академиялық және ғылыми шеңберлердің белсенді өкілдерінің қатысуымен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының салтанатты тұсаукесері болды. Спикерлер ретінде Ингушетияның алғашқы Президенті Руслан Аушев және РФ Президентінің халықаралық және мәдени ынтымақтастығы бойынша арнайы өкілі Михаил Швыдкой сөз сөйледі. Тұсаукесердің ерекшелігі қордың алғаш рет өткізген шынайы уақыт режиміндегі «Астана- Мәскеу» телекөпірі болды.

Қанат Жұмабаевтың айтуынша, ағымдағы жылдың сәуір айында Мадридтегі «Дом Азия» консорциумы, испаниялық Әлемдік экономика және саясат институты және Элькано Королдік институтымен (Халықаралық және стратегиялық зерттеулер институты) ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Меморандум білім беру және мәдениет, сараптық өзара әрекеттесу және тәжірибе алмасу саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге мүмкіндік береді.

– Қордың жаһандық жобаларының бірі – AstanaClub жыл сайынғы отырыстары, – дейді атқарушы директор. – Қазақстан Президентінің көпвекторлы саясатының арқасында осы ерекше дискуссиялық алаңды құру мүмкіндігі пайда болды. 2018 жылдың үлгісі халықаралық қатынастардағы жаңа сын-тегеуріндерге бейімделеді. Отырыстарда көрнекті мемлекеттік және халықаралық қайраткерлердің, геосаяси, әлемдік экономика және инновациялар саласындағы әйгілі сарапшылардың қатысуы жоспарланады. Chatham House бойынша жұмыс принципі әлемдік дамудың өзекті мәселелерін ашық және сындарлы талқылауға мүмкіндік береді.

Сонымен қоса, қор «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруда белсенді қатысады. Президенттің «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифестінің тақырыбы бойынша, сондай-ақ өзекті әлеуметтік мәселелер бойынша бейнероликтер қатары шығарылды. Қазір роликтер телеарналар мен әлеуметтік желілерде көрсетіледі. Солардың бірі Тұңғыш Президент Қорының тапсырысы бойынша STRANA Media Team креативті тобы жасаған «Дочь» атты ролик 19-ыншы Киевтік халықаралық жарнама фестивалінде «қола» жүлде алды. Ал былтырғы жылы сол шығармашылық топтың қор тапсырысы бойынша түсірген қазақша үйлену той туралы «Той жыры» ролигы  ең беделді ресейлік Red Apple жарнама фестивалінің Гран-при иегері атанды. Шынайылық пен ұлттық ерекшелік бейнежұмыстың сәтті шығуының кепілдігі болды.

Қордың болашаққа деген жоспарлары туралы айта отырып, Қанат Жұмабаев Қазақстан Президентінің бейбітшілік бастамаларын ілгерілетуге бағытталған жобаларға назар аударды. Ағымдағы жылдың қыркүйек айына елеулі іс-шара-«Ядролық қарусыздандырудағы қазақстандық-жапондық ынтымақтастық: бір тағдыр, ортақ мақсаттар» тақырыбында сараптық дөңгелек үстел отырысы жоспарланған. Кездесу Гойи әлем қорымен (Жапония) серіктестікте осы елдің Қазақстандағы елшілігінің қатысуымен ұйымдастырылады.

Газета “Казахстанская правда”

Адина Нурберген

Поделиться: